×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына үкім шықты

09.10.2023, 11:29
Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына үкім шықты
Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматының әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот оған 500 АЕК – 1 725 000 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады. Сондай-ақ, ол зардап шеккендерге 1 000 000 теңге материалдық және моральдық залалды өтеуге тиіс. 

Еске салайық, ақпан айында заңгер Анна Димитриевич күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққанын мәлімдеді.

Көп ұзамай оның үстінен ҚР ҚК-нің 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бұрын Дәулет Тұрлыханов ұлының бұзақылық ісі жайлы пікір білдірген. Оның сөзінше, жәбірленушілер татуласуға ниет білдірген.

Алайда соққыға жығылған заңгерлер депутаттың сөзін жоққа шығарды.

Шілдеде заңгер Анна Чернова Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткенін хабарлады.

Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты растап, қатардағы жауынгердің мерзімді әскери борышын өтеп жатқан жері – Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінен қашқанын мәлім етті.

4 шілдеде ведомство Нұрасыл Болаттың ұсталғанын хабарлады.

Жуырда Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының қылмыстық ісіне қатысты пікір білдірді.