×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Тұрлыханов ұлының төбелесі жайлы: Бала емес, өз ісіне өзі жауап береді

29.03.2023, 11:32
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мәжілістің жаңа сайланған депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлының бұзақылық ісі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Тергеу амалдары жүріп жатыр. Мен Черновтар отбасынан кешірім сұрадым, қажет жағдайда емдеуге көмек көрсетуге дайын екендігімді айттым. Бірақ, олардан хабар болмады. Алдағы 10 күн немесе 2 апта көлемінде тергеу нәтижесімен таныс боласыздар. Бұл процеске мен араласып жатқан жоқпын», - деді депутат Мәжіліс кулуарында.

Ол сайлауға қатысудан бас тарту туралы ойы болғанын айтты. Алайда ұлы кәмелет жасына толған азамат екенін, өз ісіне өзі жауапты екенін ескеріп, райынан қайтыпты.

«Черновтар татуласқысы келеді деген ақпарат бар. Қазір маңыздысы тергеу органдарының бағасы берілсін, одан әрі көре жатармыз», - дейді ол.

Еске салайық, ақпан айында заңгер Анна Димитриевич күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққанын мәлімдеді.

Көп ұзамай оның үстінен ҚР ҚК-нің 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары