×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда ХАМАС террористік ұйым деп таныла ма

09.10.2023, 13:14
Global Look Press

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан ХАМАС ұйымын террористік ұйымның қатарына қоса ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомстводағы брифинг барысында Смадияров Қазақстан Израиль мен Палестина арасында шиеленіскен мәселені бейбіт жолмен шешуді жақтайтынын мәлімдеді.

"Бейбіт тұрғындардың құрбан болуына әкеп соқтырған Палестина-Израиль қақтығысының шиеленісуі жағдайында біз тараптарды жағдайды бейбіт жолмен шешудің саяси құралдарын іздеуге және екі мемлекет арасында ғана емес, жалпы Таяу Шығыста да жағдайдың одан әрі өршуіне әкелуі мүмкін әрекеттерге жол бермеуге шақырамыз", – деді ол.

“Қазақстан "Хамас" ұйымын террористік ұйымға жатқызады ма?” деген сұраққа Смадияров бұл мәселені тиісті орган, атап айтқанда, осындай ұйымның қызметіне баға беретін ҚР Бас прокуратурасы шешетінін айтты.

Бұған дейін Смадияров қазір Израиль аумағында 400 қазақстандық болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Олардың 118-і елден кетуге ниет білдірді.

Еске салайық, 7 қазанда содырлар Израильді Газа секторынан зымыранмен атқылай бастады. Ел армиясының бағалауы бойынша Израильге қарай екі мыңнан астам зымыран атылған. Палестинаның ХАМАС қозғалысының ондаған содырлары елдің шекаралас аймақтарына еніп кетті. Соңғы мәліметтер бойынша, 300-ден астам бейбіт израильдік құрбан болды, 1864 адам жарақат алды.

"Аль-Кассам" бригадалары деп аталатын ХАМАС әскери қанаты "Аль-Акса су тасқыны" деп аталатын операцияға кірісті және 35 әскер мен қоныстанушыны тұтқындағаны туралы хабарлады.

Осы оқиғаларға жауап ретінде Израиль "Темір қылыштар" әскери операциясын бастады және елде әскери жағдай жариялады. Израиль премьер-министрі Нетаньяху елді мекендерді шабуылдаушылардан тазартуға және резервшілерді жаппай жұмылдыруға нұсқау берді.

Серіктес жаңалықтары