×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

«Түкіргенім бар»: орысша түбіртек талап еткен астаналықтың әрекеті жұртты ашуландырды

09.10.2023, 14:54
Фото: Скриншот

Әлеуметтік желілерде орыс тілінде түбіртек берілмегені үшін супермаркет қызметкерін жерден алып, жерге салып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кадрларда әйел дөрекі дауыспен ешкімге міндетті емес екенін, “салық төлегендіктен, орыс тілінде түбіртек талап ете алатынын” айтады,

“Мен салық төлеп отырмын ба – түбіртек те маған өз тілімде берілуі керек. Конституцияда орыс және қазақ тілінде деп жазылған. Кімнің не дейтініне түкіргенім бар”, – дейді роликтегі әйел.

Оқиғаның Астанадағы “Әлем” сауда үйіндегі Магнумда болғаны жазылып жатыр. 

“Ол өзін Ресейде тұрғандай сезінеді. Тәуелсіздік алған 32 жылдың ішінде кейбір адамдар қазақша оқуды да үйренбеген. Бұл біздің тіл саясатының “жемісі”, – дейді жарияланым авторы.

Серіктес жаңалықтары