×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ресейлік мұнай Қазақстан өнімін Өзбекстан нарығынан ығыстырды

09.10.2023, 16:39
көрнекі фото

Ресей мұнайының құбыр желісімен Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға транзиті ұлғайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

6 қазанда Ресей мен Өзбекстан мұнай жеткізу, сондай-ақ мұнай өнімдерін теміржол көлігімен тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімдер жасады.

Болжалды жеткізілім көлемі аталған жоқ. Қазақстан Ташкентке мұнай жөнелтуді барынша азайтты, деп жазады "Ведомости".

"Биыл Ресейден мұнай экспорты "Газпром нефть" тасымалдары есебінен ұлғайды. 2023 жылдың II тоқсанында Ресей мұнайының Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға Ферғана МӨЗ бағытындағы құбырлар арқылы транзиті I тоқсанға қарағанда төрт есеге жуық өсіп, 37 900 тоннаға жетті", - делінген басылымда.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан магистралі бойынша ресейлік газды тасымалдауға рұқсат бергені хабарланған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында "Орта Азия – Орталық" магистральдық газ құбыры арқылы Ресейдің табиғи газының Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға транзитін іске қосу рәсімі өтті.

Серіктес жаңалықтары