×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Fix Price Қазақстанға көшкелі жатыр

10.10.2023, 08:16
фото: ашық дереккөзден

Fix Price дүкендер желісі Кипрден Қазақстанға қайта тіркелуді жоспарлап отыр және юрисдикциясын ауыстыру үшін акционерлер жиналысын шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Компания юрисдикциясын өзгертіп, Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелуге ниетті.

Осы хабарландыруға байланысты компанияның директорлар кеңесі 9 қарашада жиналыс өткізуді жоспарлап отыр, онда редомициляция қадамдары талқыланады. Айта кету керек, Fix Price желісінің Ресей Федерациясында және жақын шет елдерде 6 мыңнан астам дүкені бар. Ол Ресейдің 80 аймағында, сондай-ақ Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Латвия және Өзбекстан аумағында жұмыс істейді.

Қазақстанда Fix Price 262 дүкенді басқарады және 1,5 мыңнан астам қызметкері бар. Сонымен қатар, компания өзінің қазіргі жаһандық депозитарлық қолхаттар бағдарламасын және Лондон қор биржасында да, Мәскеу биржасында да өзінің қолхаттарының листингін сақтап қалуға ниетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұл ірі ресейлік компаниялардың Қазақстанға алғашқы релокациясы емес. Бұған дейін Ресейдің ірі алтын өндірушілерінің бірі Polymetal акциялары Қазақстанға тіркелгеннен кейін Astana International Exchange биржасының индексіне енген болатын.

Серіктес жаңалықтары