×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Үкімет депутаттармен келісті: Қазақстанда вейптерге толық тыйым салынады

11.10.2023, 11:26
Үкімет депутаттармен келісті: Қазақстанда вейптерге толық тыйым салынады
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Осы вейпті біздің елімізде толық тыйым салу жөніндегі депутаттардың заңға енгізіліп жатқан нормасы үкімет отырысында қаралды. Қазір толық қолдау тауып отыр. Денсаулық сақтау саласы да бұл норманы қолдайды. Қазір осы толық айналымды тыйым салғанда қандай да бір жауапкершіліктерді, қай органдар қалай жауап береді – сол мәселе қаралып жатыр. Екі-үш апта ішінде үкімет өз қорытындысын береді”, – деді Ажар Ғиният.

Айта кетсек, вейптер мәселесін бұл жолы отырыста Дәулет Тұрлыханов көтерген. Оның айтуынша, вейптерді қазір оқушылар да шегеді. Осы мәселе жөнінде Үкіметтің позициясын сұраған ол вейптің бірін тіпті Мәжіліс отырысында қалтасынан алып шықты.