×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Тарихи "әлсіз" ай: қыркүйекте Ұлттық қор активтері азайды

11.10.2023, 18:01
Тарихи "әлсіз" ай: қыркүйекте Ұлттық қор активтері азайды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қыркүйек айында Ұлттық қор активтерінің көлемі қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық қордың валюталық активтерінің көлемі, алдын ала деректерге сәйкес, қыркүйек айының соңында 57,8 млрд долларды құрады, жыл басынан бері шамамен 2,1 млрд долларға ұлғайған. Дей тұрғанмен, өткен айда қор қаржысы азайған.

Әлия Молдабекованың айтуынша, Ұлттық қор активтері көлемінің төмендеуінің негізгі себебі – трансферттер мақсатында ішкі валюта нарығында үлкен сатылымның жасалуы. Қыркүйек айында Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер түрінде 438,9 млрд теңге аударылды.

"Инвесторлар АҚШ ФРЖ-ның жоғары пайыздық мөлшерлемелерді сақтау туралы риторикасына теріс баға берді. АҚШ МБҚ кірістілігінің өсуі бүкіл әлем бойынша облигациялар кірістілігінің кеңеюімен қатар жүрді және әлемдік орталық банктердің әрекеттерін көрсетті. Осы орайда қыркүйек айы Ұлттық қордағы активтердің барлық кластары: акциялар, облигациялар мен алтынның төмендеуімен ерекшеленіп, жылдың тарихи "әлсіз" айы деп танылды", – деді Молдабекова.

Бұл ретте Ұлттық қордың шоттарына валюталық түсімдер қыркүйек айында 257 млн долларды құрады.

Айта кетейік, жаңа Бюджет кодексінің жобасында Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттерді пайдалануға шектеу енгізілді.  Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, нысаналы трансферттерді тек маңызды нысандарға, мысалы, жұмыс орындарын және қосымша салықтарды қамтамасыз ететін зауыт құрылысын салу немесе тұрмыстық маңызы бар инфрақұрылымдарға бағыттау көзделіп отыр.