×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанға жыл соңына дейін тағы 180 млрд теңгенің активтері қайтарылады

13.10.2023, 10:55
Қазақстанға жыл соңына дейін тағы 180 млрд теңгенің активтері қайтарылады
Коллаж: Ulysmedia.kz

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі комиссия жыл соңына дейін мемлекетке 180 млрд теңгенің активтерін қайтаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы комиссия құрамындағы Антикор өкілі Қанат Сүлейменов мәлім етті.

“Елге жыл соңына дейін 180 млрд теңгенің активтерін қайтару көзделіп отыр. Оның ішінде көлік те, ақша да, өзге мүліктер де бар”, – деді Сүлейменов. 

“Қай елдерден?” деген сұраққа ол Франция, БАӘ мен Түркияны атады. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда Активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылды. Комитеттің функцияларына активтер туралы ақпаратты мониторингілеу және талдау, активтердің шығу көздерінің заңдылығын тексеру, комиссияның шешімі бойынша арнайы тізілімге енгізілген адамдардан активтерді ашып көрсету туралы декларацияларды қабылдау және қарау кіреді.

Сондай-ақ, қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылды. Басқарушы компанияның міндеттері – мемлекетке қайтарылған активтерді оның атынан меншігіне қабылдау, мемлекет кірісіне айналдырылған активтердің сақталуын және ұсталуын қамтамасыз ету, активтерге билік ету, активтерді өткізуден түскен қаражатты арнаулы мемлекеттік қорға аудару.

Қаржылық мониторинг агенттігінің есебінше, жыл басынан бері мемлекетке жалпы сомасы 217 миллиард теңге болатын активтер қайтарылды