×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке қанша ақша қайтарғаны белгілі болды

13.10.2023, 11:31
Коллаж: Ulysmedia.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының заңсыз шығарған 300 млн долларлық активтері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сотқа дейін тергеу департаментінің басшысы Қанат Сүлейменов мәлім етті.

“Өткен жылдан бері 857 млдр теңгеден астам активтер қайтарылды. Оның ішінде Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған 300 млн доллар да бар”, – деді Сүлейменов. 

Антикор өкілі Назарбаевтың немере інісіне қатысты тергеу әлі аяқталмағанын атап өтті.

Өткен жылы сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұдан бұрын оның қамауда отырып Алматыдағы зәулім қонақ үйді сатып алғаны жөнінде ақпарат тараған. Алайда Антикор бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Сондай-ақ, ол түрмедегі Қайрат Сатыбалды немере ағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Үшқоңыр жайлауындағы резиденцияны сыйға тартқаны белгілі болды.

Мамыр айында Сатыбалды сыбайластарымен сыртқа шығарған 464 млрд теңге елге қайтарылғаны хабарланған.

Жуырда  "Біз азаптауға қарсымыз" ҚБ басшысының орынбасары Бауыржан Мусин Қайрат Сатыбалдының Өскемен колониясындағы жағдайы туралы айтып берген.

Серіктес жаңалықтары