×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Арқалық түрмесінен тұтқындар қашып кетті": ІІМ желідегі ақпаратқа түсініктеме берді

13.10.2023, 13:18
"Арқалық түрмесінен тұтқындар қашып кетті": ІІМ желідегі ақпаратқа түсініктеме берді
фото: ашық дереккөзден

Қостанай облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті әлеуметтік желілерде тараған  Арқалықтағы түзеу мекемесінен қашып кеткен сотталғандар туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Желіде тараған ақпаратта қылмыскерлердің фотосы көрсетілген және олардың қарулы екені айтылған.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

- Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - деп ескертті ведомство.

Қостанай облысының полиция департаменті бұл факті бойынша ҚР ҚК 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

- Осы баптың санкциясы бір жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны қарастырады. Қазіргі уақытта «жалған» ақпарат авторының жеке басын анықтау шаралары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жуырда Қарағанды облысында жазасын өтеуші түрмеден қашып кеткен. Қашқын көп ұзамай ұсталды. Қарағанды және Ұлытау облыстарының ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам мекеменің қорғалатын аумағынан тыс жерде жөндеу жұмыстарына тартылған.