×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қарағанды облысында жазасын өтеуші түрмеден қашып кетті

02.08.2023, 12:41
фото: ашық дереккөзден

31 шілдеде Долинка ауылындағы орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтеп жатқан ер адам қашып кетті, деп хабарлайды Uysmedia.kz.

Қашқын сол күні ұсталған.

Қарағанды және Ұлытау облыстарының ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам мекеменің қорғалатын аумағынан тыс жерде жөндеу жұмыстарына тартылған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бірнеше сағат ішінде қашып кеткен адамды жедел уәкілдер ұстады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аталған факті бойынша Қарағанды облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны атап өтілді (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 426-бабы бойынша "Бас бостандығынан айыру орындарынан немесе қамаудан қашу").

Колонияда қызметтік тергеу басталды.

Ведомство 29 жастағы ер адам ұрлық  жасағаны үшін сотталғанын, жалпы мерзімі 4 жылға бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары