×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ресей намысын қорғап жүрген UFC файтері келесі жекпе-жегіне Қазақстан туымен шыққысы келеді

15.10.2023, 09:25
Чемпионат

Ресейлік UFC файтері Ирина Алексеева алдағы жекпе-жегінде Қазақстан туын алып шығуға ниетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

32 жастағы боксшы бұл жоспарын жақын күндері, дәлірек айтсақ, 14 қазанда ағылшын спортшысы Мелисса Диксонға (5-0) қарсы жекпе-жек үшін UFC сегізбұрышына шыққан кезде жүзеге асырмақ.

«Әрине, мен Қазақстанның туы астында, яғни екі тумен жарысқа түскім келеді. Бұл - менің туған, бала кезімде өскен елім. Онда менің барлық нағашыларым тұрады, олар бұл оқиғаны асыға күтеді. Менің жекпе-жегімді сыныптастарым, мұғалімдерім, ауылдағы көршілерім – бәрі көріп, маған қолдау көрсетеді. Қазақстан – менің жас кезімде көп нәрсені бастан кешіріп, өскен жерім. Ал Ресей – мені қолдап, өсуіме, қалыптасуыма көмектескен ел. Мен осы екі елді де жақсы көремін», - деді ол.

Бұл спортшының келесі жекпе-жегі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Өткен жекпе-жегінде ол әйгілі промоушнның рингіне алғаш шығып, швейцариялық Стефани Эггерді (7-4) жеңіп, қарсыласын жекпе-жекте ерте берілуге ​​мәжбүр етті.

Серіктес жаңалықтары