Қазақстан синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
5 қараша, бейсенбі күні антициклонның орнына солтүстік циклонның терең ойысы келеді. Ол алдағы үш күнде ауа райын күрт өзгертіп, қолайсыздық туғызады.
Әуелі еліміздің батысында, кейін бүкіл аумақта жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ құбылыстары да болжанады. Республиканың батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашын мол түседі. Қазақстанның барлық өңірінде жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Еліміздің батысында түнгі ауа температурасы 0…+7 °С, күндіз +3…+14 °С болады.
Солтүстік-батыста түнде −1…−8 °С, күндіз +1…+15 °С күтіледі.
Солтүстік пен орталықта түнгі температура −3…−8 °С-тан +1…+6 °С-қа дейін көтеріліп, күндіз +5…+13 °С-тан +1…+10 °С-қа дейін төмендейді.
Шығыста түнгі температура −3…−8 °С-тан 0…+5 °С-қа дейін, күндіз +3…+8 °С-тан +7…+12 °С-қа дейін жоғарылайды.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.