×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Франция билігі Лувр, Версаль сарайы және Лион вокзалын көшірді

15.10.2023, 13:57
Франция билігі Лувр, Версаль сарайы және Лион вокзалын көшірді
twitter/@NewsHour

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Еуропада қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылық артып келеді. Сол себептен сенбі күні Лувр мен Версаль сарайы эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz euronews-ке сілтеме жасапн.

Францияда жарылыс қаупі туралы ескертуден кейін Лувр мен Версаль сарайы эвакуацияланды. Париждің орталығында орналасқан Луврдың келушілері мен қызметкерлері дабылдан соң, мұражай ғимаратынан асығыс шығарылды.

Кейінірек Париждегі Лион вокзалының эвакуацияланғаны туралы ақпарат тарады. Ол жерден күдікті пакет табылған.

Жұма күні Францияда «терроризмге қарсы төтенше ескерту» режимі енгізілді. Билік қауіп деңгейін арттыру туралы шешімді 13 қазанда жариялады. Бұл күні Аррас қаласындағы Гамбетта колледжіне жасалған шабуылдан бір мұғалім қаза тауып, бірнеше адам жараланған. Тергеу аясында полицейлер 11 адамды ұстады.

Францияның ішкі істер министрі Жеральд Дарманин Таяу Шығыста болып жатқан оқиғалар мен Аррастағы шабуыл арасында байланыс болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Дарманен «қауіпті деп санайтын кез келген шетелдікті жүйелі түрде елден шығаруға» шақырды. Францияда бір апта ішінде Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, антисемитизмнің 189 әрекеті анықталды.