×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

БҚО университетінде қауіпті ауруларды зерттеуге бөлінген 55 млн теңге ұрланған

16.10.2023, 08:26
БҚО университетінде қауіпті ауруларды зерттеуге бөлінген 55 млн теңге ұрланған
фото: ашық дереккөзден

БҚО-да Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлерінің қаражат жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлім етті.

Оның айтуынша, Ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін аталған университетке 55 млн теңге бөлген.

Зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек еді. Алайда университет ғылыми зерттеу жұмыстарын формальды жүргізген және патент алмаған. Бұған қарамастан атқарылған жұмыстар туралы жалған акті жасалып, бөлінген қаражат ұрланған.  

Прокуратураның тапсырмасы бойынша қылмыстық істі Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеуде.

Айта кетейік, бұдан бұрын М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының оқытушылары мен қызметкерлері ел президентіне, үкімет басшысына, Парламент мәжілісінің спикеріне және көлік министріне ЖОО-ны мемлекетке қайтару туралы өтінішпен жүгінген.