ІІМ жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен алу құнын төмендетеді. Бұл туралы “Ашық НҚА” сайтында жарияланған құжатта жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Түзетулер жеке басын куәландыратын құжаттарды жедел дайындау құнын төмендетеді:
Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары бойынша:
1 жұмыс күніне дейін – 4 983 теңгеден 3 372,45 теңгеге дейін;
3 жұмыс күніне дейін – 2 752 теңгеден 1 770,88 теңгеге дейін.
облыс орталықтары үшін:
3 жұмыс күніне дейін – 4 983 теңгеден 3 372,45 теңгеге дейін;
5 жұмыс күніне дейін – 2 752 теңгеден 1 770,88 теңгеге дейін.
облыстардың аудандары мен қалалары бойынша:
7 жұмыс күніне дейін – 1116 теңгеден 677,95 теңгеге дейін.
Құжаттың негіздемесіне түзетулер мемлекеттік монополияға қатысты ҚР ІІМ Ақпараттық-өндірістік орталығында РМК сататын қызметтеріне төмендетілген түзетілген бағаларға байланысты енгізіліп жатқаны айтылған.
Жоба 2023 жылдың 30 қазанына дейін талқыланбақ.