×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Депутат Тұрлыханов жаңа лауазымға ие болды

16.10.2023, 11:52
meta-ratings.kz

Ұлдарына қатысты шудан кейін көпшіліктің сынына ұшыраған Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы төралқасына мүше болып сайланғанын сүйіншіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы мәжілісмен әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Астанада «Динамо» СҚ-ның кезектен тыс конференциясы өтіп, онда төралқаның жаңа құрамы мен осы спорт қоғамының төрағасы сайланды. Отырыс қорытындысы бойынша «Динамо» қоғамының басшысы болып Ішкі істер министрі Ержан Сәденов сайланды. Мен төралқаға отыру құрметіне ие болдым. Сондай-ақ конференцияға қатысушылар президиумға атақты суға жүзгіш, «Рио-2016» Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландинді сайлады», – деді ол.

Депутат «Динамо» қатарында болу үлкен абырой мен мәртебе екенін атап өтті.

«Жиында әріптестеріме артылған сенім үшін үлкен алғысымды білдіріп, қоғам жұмысына сәттілік тіледім», – деп жазды Тұрлыханов.

Еске салайық, ақпан айында заңгер Анна Димитриевич күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққанын мәлімдеді.

Көп ұзамай оның үстінен ҚР ҚК-нің 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бұрын Дәулет Тұрлыханов ұлының бұзақылық ісі жайлы пікір білдірген. Оның сөзінше, жәбірленушілер татуласуға ниет білдірген.

Алайда соққыға жығылған заңгерлер депутаттың сөзін жоққа шығарды.

Шілдеде заңгер Анна Чернова Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткенін хабарлады.

Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты растап, қатардағы жауынгердің мерзімді әскери борышын өтеп жатқан жері – Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінен қашқанын мәлім етті.

4 шілдеде ведомство Нұрасыл Болаттың ұсталғанын хабарлады.

9 қазанда Алматының әскери сотында Дәулет Тұрлыхановтың ұлына үкім шықты. Сот үкімімен айыпталушыға 500 АЕК – 1 725 000 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады. Сондай-ақ, ол зардап шеккендерге 1 000 000 теңге материалдық және моральдық залалды өтеуге тиіс.

Ұлына шыққан үкім күшіне енгеннен кейін депутаттық мандатын тапсыру жайлы сұраққа жауап берген Тұрлыханов “Мені халқым жақсы көреді” деген еді.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары