×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Ішкі көші-қон көбейді: қазақстандықтар қай өңірлерге қоныс аударып жатыр

17.10.2023, 12:36

Ел тұрғындары оңтүстік өңірлерден солтүстігіне белсенді түрде көшіп жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің сөзінше, Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасына сәйкес жұмыс күші көп жерлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтарды көшіру тетігі қайта қаралған. Қазір солтүстік және шығыс өңірлерге 7,5 мың адам немесе жылдық жоспардың 87 пайызы қоныс аударған.

"Азаматтардың көшуін ынталандыру үшін жұмыс беруші растаған жұмыс болған жағдайда жаңа орындағы тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде материалдық көмек алуға құқық беретін экономикалық ұтқырлық сертификаттары енгізілді.  Ішкі қоныс аударғандар негізінен Түркістан және Алматы облыстарының бұрынғы тұрғындары", - деді Жақыпова.

Жұмыспен қамту шараларымен көшіп келген еңбекке қабілетті азаматтардың 73 пайызы қамтылған.

“5,2 мың адам көшіп-қону шығындарын өтеуге біржолғы материалдық көмек алды. 622 отбасы экономикалық ұтқырлық куәлігін алды, солтүстік өңірлерде 395 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді”, – деп мәлімдеді министр.

Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстанда тұруға ықтиярхат алған шетелдіктер саны 17,4 мың адамды құраса, шетелге 24,1 мың адам көшіп кеткен. Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2018 жылмен салыстырғанда көрсеткіштер айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Сол кезде шетелден 12,7 мың адам келсе, сыртқа 41,8 мың адам кеткен. Осы ретте көші-қон сальдосы 29,1 мың адамнан 6,7 мыңға дейін азайған.

Серіктес жаңалықтары