×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астана әуежайы араб компаниясының басқаруына беріледі

18.10.2023, 08:01
Астана әуежайы араб компаниясының басқаруына беріледі
фото: ашық дереккөзден

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында шетелдік инвестор – БАӘ-нің Terminals Holding компаниясымен Астана әуежайын мультимодальді хаб ретінде дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Terminals Holding компаниялар тобы – Азия мен Африканың ірі нарықтарында тұтынушыларға қызмет көрсететін, сондай-ақ Abu Dhabi Ports ірі портты және өнеркәсіп компаниясымен байланысты қарқынды дамып келе жатқан авиациялық кәсіпорын.

Үкіметтің мәліметінше, инвестор елорда әуежайының қызметіне жан-жақты баға беріп, кейіннен жолаушыларға қызмет көрсету сапасын және жалпы әуе айлағының тиімділігін арттыру үшін жедел басқаруды өз қолына алады.

“Инвестордың бірінші кезектегі міндеті – ұшу-қону жолағын реконструкциялауға және оны одан әрі жаңғыртуға дайындау. Дайындық жұмыстарын және елорданың қысқа мерзімді құрылыс маусымын ескере отырып, келесі жылы жерүсті инфрақұрылымын күрделі жөндеуді бастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар мемлекет пен жеке компания мүдделерінің тепе-теңдік балансы назарға алынып, болашақ инвестицияларға негіз болатын әуежайды дамытудың ұзақ мерзімді бизнес-жоспары әзірленетін болады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Астана әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылатыны хабарланған.