×
538.13
624.88
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.13
624.88
6.64

Билік ішкі саясаттағы бақылауды күшейтті – Еділов ауыс-түйістер туралы

Бүгін, 09:00
Билік ішкі саясаттағы бақылауды күшейтті – Еділов ауыс-түйістер туралы
Ulysmedia.kz коллажы

Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметінен Абзал Нүкеновтің қызметінен кетуі – жай ғана кадрлық ауыс-түйіс емес. Саясаттанушы Ербол Еділовтің пікірінше, бұл елде басқару жүйесінің жаңа кезеңі басталып, саяси вертикаль қайта құрылып жатқанын білдіретін белгі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңа кезеңнің басталуы

Еділовтің айтуынша, мәселе жеке тұлғаларда емес, жүйенің өзінде. Билік ішкі саясаттың вертикалін күшейтіп жатыр, бұл алдағы айларда саяси процесті орталықтандыру мен бақылаудың басты құралына айналуы мүмкін.

– Алдымен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік саясатты мүлтіксіз ұстану және мемлекеттік қызметшілердің тапсырмаларды нақты орындауы қажет екенін бірнеше рет атап өткенін еске түсірейік. «Мемлекеттік қызмет тек тапсырмаларды орындап қана қоймай, жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін түсінуі керек. Әрбір шенеуніктің тек лауазымы алдындағы емес, қоғам алдындағы жауапкершілігі болуы тиіс», – деген еді ол. Бұл ұстаным қазір ішкі саясат бөлімдері мен басқармаларынан формалды есеп емес, мазмұнды идеологиялық және аналитикалық жұмыс талап етіліп отырғанымен тікелей байланысты, – деп жазады саясаттанушы.

Тарих және трансформация

Бұл құрылымның тарихы 2000-жылдардың басына барып тіреледі. Сол кезде Алтынбек Сәрсенбайұлы қазіргі ішкі саясат жүйесінің негізін қалаған болатын. Еділовтің жазуынша, ол Айдос Сарыммен бірге билік тек бақылаушы ғана емес, қоғаммен байланыс орнатушы күш болуы тиіс деген ұстаным қалыптастырды. Мақсат – халықтың көңіл-күйін түсіну, өзгерістерді сезіну және алдын ала әрекет ету еді.

– Алайда, бұл құрылым уақыт өте келе түрлі деңгейлерде бақылау мен тыйым салу органы сипатына көбірек ие болды, – деп атап өтеді ол.

Қазіргі рөлі мен маңызы

Саясаттанушының байқауынша, соңғы жылдары президент әкімшілігі мен әкімдіктердегі ішкі саясат бөлімдері елеулі түрде өзгерді.

– Олар бұрынғыдай тек «ақпараттық сүзгі» емес, стратегиялық коммуникацияның үйлестірушісіне айналды. Мұны азаматтық белсенділер мен тәуелсіз бақылаушылардың өзі де мойындайды. Ал билік тұрғысынан қарасақ, әрбір президенттік тапсырма мен реформаның бағыты енді тек орындалуды емес, сонымен қатар мазмұндық сүйемелдеуді, қоғамға түсіндіруді, қатыстыруды және кері байланысты қажет етеді. Бұл – Тоқаевтың жиі айтатын «Еститін мемлекет» тұжырымдамасының нақты іске асуы. Бірақ шын мәнінде ол әрдайым тиімді жұмыс істеп тұрған жоқ, – дейді Еділов.

Президенттің ұстанымы

Еділовтің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де елді басқару тәсілдерін қайта қарау қажеттігін ашық айтып жүр. Оның сөзінше, «қарапайым ұрандардың уақыты өтті». Президент мемлекеттің жаңа басқару мәдениетіне көшуі тиіс екенін, ол мәдениет аналитикаға, ашықтық пен жауапкершілікке негізделуі қажет екенін ерекше атап өтеді.

Еске салайық, 27 қазанда Абзал Нүкенов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылған еді

Серіктес жаңалықтары