×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Энергетика саласындағы көлеңкелі схемалардың иесі кім

22.12.2023, 17:35
Коллаж Ulysmedia

Тарифті көтеру, соның есебінен коммуналдық қызметтерде модернизация жүргізуге инвестицияның болуы. Бірақ әділетсіздіктің айдарынан жел есіп тұрғанда, бұл – тұтынушылар үшін жай ғана арман.Осыған ұқсас бағдарлама 2018 жылы Бас прокуратураның тексеруінен кейін жабылды. Оған себеп бағдарламаның ашықтық саясатының сақталмауы, сондай-ақ тиімділігінің болмауы еді. Ал 2026 жылға дейінгі жаңа бағдарламада электр қуатын өндіруші  компаниялар үшін жалпы 2,2 триллион теңгеден астам сомаға жаңадан инвестициялық бағдарлама бекітілген. 

Ulysmedia.kz тілшісі бұл салада не болып жатқанын анықтауды жөн көріп, энергетиктермен сөйлесіп, құжаттарды ақтарып, жаңа тарифтік бағдарламаның жүзеге асуы сол баяғы ескі схемадан еш айырмашылығы болмайтынына көз жеткізді. 

Біз ең жақсысын қаладық

Бағдарламаның негізгі параметрлері: жылына 400 млрд теңгеге қаржыландыру, электр қуатының дайындығын қолдау қызметіне шекті тарифті айына МВт үшін 590 мыңнан 2 млн теңгеге дейін арттыру (3,38 есе).

Жыл сайынғы инвестициялық жүктемені әрбір киловатт үшін 3,54 теңге деп, ағымдағы тұтынуға дейін қайта есептеу кезінде тек жылдық инвестициялық құрамдас бөлік төмендейді, бірақ бүкіл бағдарлама 2023 жылдың 1 маусымынан бастап бір мезетте барлық жұмыс істеп тұрған станциялар үшін қолданыстағы тарифтерден 7-15% жоғары жаңа тарифтерді енгізуге мүмкіндік берді немесе тұтынушыға жеткенше 30%-ға дейін (1 киловатт-сағат үшін нақты тариф 6,14 теңгеге өсті) болды.

Елдегі тұтынушыларға жеткізілетін электр энергиясының жалпы көлемі сағатына 15,4 гигаватт, 2022 жылы жылдық жеткізу көлемі 112,8 млрд киловатт-сағатты құрап, 2,3 трлн теңге жұмсалды немесе 1 кВт/сағат үшін орта есеппен 20,46 теңге шығады. Мұның ішінде 2022 жылы электр энергиясын сатудан түскен табыстың өсімі 2021 жылмен салыстырғанда 9,67%-ды құрады және ҚР Статистика агенттігінің «Өнеркәсіп жұмыстарының қорытындысы» туралы мәліметі бойынша «2021 жылы 2020 жылға қарағанда 22,9% өсімді көрсетті. 

Осылайша, 2023 жылдың өзінде-ақ азаматтар электрмен жабдықтау жұмыстары жақсарады деген үкілі үмітпен 692,5 млрд теңгені артық төлейді, бірақ барлық жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тек 3%-ға жуығы ғана модернизацияланады. Бағдарлама 2026 жылға қарай жұмыс істеп тұрған станциялардың кемінде үштен бірінжаңғыртуды жоспарлап отырғандықтан, тұтынушы баға көтерілген кезде ешқандай апатты немесе уақытша электр энергиясын сөндіруге тап болмайды. Жылдағы таза табыс 292,5 млрд теңгеден асады және ол акционерлердің қалтасына түседі. Өйткені, республикалық бюджеттен түсетін нысаналы трансферттерді пайдалана отырып, жергілікті бюджет есебінен жылына 400 миллиард инвестиция салу жоспары бәрібір алға шығады. Бағдарлама тарифтерді бір рет күрт көтеріп қана қоймай, оларды инфляция деңгейіне сәйкес тұрақты индексациялауға мүмкіндік береді (ағымдағы жылы инфляция 18,1% құрайды). Яғни, 2023 жылы бір реттік 30% өсумен қатар, жыл сайын 18%-ке өсіп отырады. 

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына сәйкес, Тарифтерді қалыптастыру қағидалары сайтарифтерді өзгертуге барлық өтінім https://bazamonopolist.gov.kz порталы арқылы берілуі тиіс. Дегенмен аталған дерекқорда жұмыс істеп тұрған немесе ірі энергетикалық конгломераттың тарифтерді көтеруге арналған өтінімдерінің бірде-бір материалы салынбаған. 

Қалай есептеу керек?

Заңнамада тарифтің көтерілуі үкімет тарапынан энергетикалық қауымдастыққа беріліп отырған инвестициялық мүмкіндік (ең кемінде 10 жылға ынталандырады) делінген. Инвестициялық бағдарламалардың есептеулері және жалпы тарифтерді белгілеу, егер қазірдің өзінде  инвестициялық құрамдас тарифтік құрылымда 60%-дан асқан болса, тіпті жаңа құрылысқа инвестиция салу кезінде инвестицияның тек оннан бір үлесі ғана ескерілуі керек дегені қаншалықты дұрыс? 

Ең қымбат технологиялардың бірі – күн станциясын алып қарайық. Мұнда инвестиция 1 кВт/сағ қуатқа 1 долларды құрайды (жылына 45,5 теңге). Жылдық өндіріс 250 киловатт-сағат немесе өндірілген 1 киловатт-сағат үшін инвестициялар 0,182 теңге болады, бұл ретте өндірістің операциялық құны 1 киловатт-сағатқа шамамен 2,5 теңге, яғни инвестициялық табыс қолданыстағыдан 8%-дан аз. Яғни, бұл мәліметке мән берсек, өндірілген әрбір киловатт-сағат үшін 6,14 теңге деген есептеулер қате екенін көреміз.

Сонда модернизацияға салынған инвестиция өз-өзін ақтай ма? Күрделі жөндеуден кейін олар 10 жылға дейін сенімді қызмет көрсетеді дегенге сенім бар ма?

 Инвестициялар неден тұратынын, тарифтерді белгілеу тізбегін тереңірек қарастыруымыз керек.    Электр энергетикасы – жобалаудан бастап таратуға және тұтынушыдан төлемдерді жинауға дейін тұтастай холдингтер мүддесіне жұмыс іәстейтін бірнеше олигополиялардың жабық жүйесі. Оны өздері жобалайды, жабдықты өздері жеткізеді, өздері басқарады, өздері қадағалайды, өздері өндіреді және оны өздері сатады.

Толық бақылау

Сіз мұны мүмкін емес деп айтарсыз. Осы құрылымдардың бірін қарастырып көрелік. Ашық дереккөздерге сүйене отырып, біз 2026 жылға дейінгі барлық инвестициялық бағдарламаның негізгі жеткізушісі – Кентау трансформатор зауытын алайық. Қызық бір жайт, елімізде жұмыс істеп тұрған және қосалқы трансформаторлық станциядағы 10 таратушының 9-ы осы өндірушінің қымбат жабдықтарына негізделген. Зауыт базасы негізінде тұтас Alageum Electric компаниясы тобы құрылған. «Alageum» холдингінің құрамына «Электромонтаж» АҚ (ELMO) құрылыс компаниясы және «KazNIPIiTES Energy» АҚ жобалау институты кіреді.  Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы компаниялар мемлекеттік сатып алулар арқылы тұрақты тендерлер мен байқаулар өткізеді. Оларды жүзеге асыруға арналған салалардың бірі - электр энергетикасы, атап айтқанда, қосалқы станцияларды, жоғары вольтты электр желілерін, кабельдік желілерді, трансформаторлық қосалқы станцияларды, т.б. жобалау және салу. «КазНИПИи ТЭС Энергия» АҚ жобалау институты тендерді немесе конкурсты жеңіп алып, Alageum жабдығы сол тендерге қатысатындай етіп, жоба әзірлейді. Яғни, аталған компания өнімі өздері жеңіп алған тендерде міндетті түрде болуына мән береді. Осының салдарынан құрылыс-монтаж жұмыстарына тендер немесе конкурс өткізу кезінде құрал-жабдықтар мен материалдардың құны мүлдем басқаша болып шығады. Alageum жабдығын құрастыру кезінде құрамдас бөліктер Қытайдан әртүрлі ТН ВЭД кодтарымен төмендетілген кедендік баждармен келеді, көлеңкелі схемалар арқылы кеден төлемдерін аз мөлшерде төлейді. Нәтижесінде Alageum компаниялары шығарған жабдықтарда қазақстандық материалдың қолданылу деңгейі өте төмен. 

Бірақ осы компаниялар тобы өз өнімдерін отандық өнім деп атағанымен, оның құрамдас бөліктерінің басым бөлігі Қытайдан келетіні анықталды. Нәтижесінде, «КазНИПИиТЭС Энергия» АҚ жобалау институты қазақстандық мазмұндағы Alageum зауытының жабдықтарын жобалап, жобаға енгізгені белгілі болды және «Электромонтаж» АҚ өз зауытынан құрал-жабдықтарды сатып алып, әртүрлі ЭӨК балансына түсетін жоғары бағамен нысанды салады. Бұдан байқайтынымыз, Alageum компаниясы жеткізетін жабдықты тендерлерден өткізуде жоғары деңгейдегі шенеуніктер мүддесі бар екені жасырын емес. 

Тарифтер кімге тиімді?

Жақында үкімет халыққа тарифтерді көтеруге тура келетіндігін айтып, әлеуметтік наразылықпен бетпе-бет келді және бұған Alageum компаниялар тобының әрекеттері себеп болып отыр, өйткені олар қазақстандық нарыққа қымбат жабдықты жеткізуде жетекші орында. «Электромонтаж» АҚ-ға келетін болсақ, компания өзін оңтүстік өңірдің осы нарықтағы «қожайыны» ретінде санайды. Басқа аймақтарды есептемегенде, энергетикалық инфрақұрылым объектілері артығымен жетіп артылатын Шымкент пен Түркістан облысында да өз мүддесін биік қоятыны байқалып қалады. Бұл орайда «Электромонтаж» АҚ-ның еліміздің оңтүстігіндегі әкімдермен және түрлі энергетика басқармаларымен жақсы қарым-қатынаста екенін атап өткен жөн. 

Елордадағы қуаты 110 кВ «Арай» қосалқы стансасының құрылысына қатысты жағдай ерекше назар аударуды қажет етеді. Құрылыс құны, НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! - 22 992 916 млрд теңге және бұл 110 кВ қосалқы станция! Бұл туралы біз бұрын да жазған едік, өкінішке қарай, ешбір мемлекеттік органнан, оның ішінде біздің парламент депутаттарынан да тиісті көңіл бөлінбеді. 

Ulysmedia.kz сайтына өте қызықты деректер келіп түсті.

Alageum Electric мыналарды қамтиды:

  • КазНИПИТЭС «Энергия» АҚ жобалау институты – кез келген күрделіліктегі электр нысандары мен электр желілерін жобалайды;
  • «Кентау трансформатор зауыты» АҚ – Кентау қаласында орналасқан (110 кВ дейін трансформаторлар шығарады);
  • «Азия Трафо» ЖШС – Шымкент қаласында орналасқан (110-нан 500 кВ-қа дейінгі трансформаторлар шығарады);
  • «Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС 0,4-тен 35 кВ-қа дейінгі тарату құрылғыларын шығарады;
  • «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС 6-10 кВ трансформаторлар мен тарату құрылғыларын шығарады;
  • «Орал трансформатор зауыты» ЖШС 6-10 кВ трансформаторлар мен тарату құрылғыларын шығарады;
  •  «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС 6-10 кВ трансформаторлар мен тарату құрылғыларын шығарады.

Alageum Electric өзінің КазНИПИТЭС «Энергия» АҚ-ға қатыстылығын жоққа шығарады, бірақ энергетика нарығындағылардың барлығы Alageum осы жобалау институтының нақты иесі екенін біледі.

Жіптің ұшы кімнің қолында екенін табу қиын емес. «Энергия» АҚ басқарма төрағасы Сайранбаев Ақжол Нартайұлы, сонымен қатар Ақжол Нартайұлы Алматы қаласындағы «Ф-Л» «ALAGEUM ELECTRIC» АҚ директоры, бұған дейін Орал трансформатор зауытын басқарған.

Мемлекеттік жобалардағы Alageum Electric бағасының асып кетуіне бір мысал:

Астанада «Наурыз» қосалқы стансасы жобалануда.

Alageum Electric 12% қосымша құн салығын қосқанда 1 059 631 509 теңге сомасында коммерциялық ұсыныстың сметасын берген, өзге компаниялар мұндай жобаларға Астанада 449 117 009 теңге смета берген, бұл жерде Алагеум компаниясы бюджетті 2 еседен астам ұлғайтып көрсетіп отыр. 

«Арай» қосалқы станциясын салудың нақты мысалын пайдалана отырып, бюджетті асыра бағалау схемасы:

1) «КазНИПИиТЭС Энергия» АҚ Астана қаласындағы «Арай» қосалқы стансасын жобалауға арналған тендерді қабылдайды (нәтиже хаттамасы №5213418 30.04.2021 ж. 18:30:25).

2) «КазНИПИиТЭС Энергия» АҚ жобаға «Азия Трафо» ЖШС трансформаторларын әдейі жоғары бағамен енгізеді. Қытайдан әкелінген осындай трансформаторлар өте қымбат жеткізу мен кедендік баж салығын ескере отырып, 40 пайызға арзан, сәйкесінше зауыттағы баға бастапқыда көтеріледі. 

3) Техникалық ерекшеліктерге сәйкес, «Арай» жобасы цифрлық қосалқы станцияның шешімі негізінде жасалған. Цифрлық қосалқы станция сандық (оптикалық) тоқ және кернеу трансформаторларын және арнайы релелік қорғанысты қолдануды білдіреді, осылайша қосалқы станцияның ішіндегі кабельдік қосылымдардың санын азайтады және сенімділікті арттырады. «Арай» Қазақстандағы алғашқы цифрлық қосалқы станция болуы керек еді.
Бастапқыда «Арай» қосалқы стансасының құрылысына бюджет қаражаты жоспарланған кезде цифрлық жабдықтың (коммут-ажыратқыш, релелік қорғаныс және автоматика) құны ескерілген.

Сондай-ақ Астана РЭК-тен цифрлық қосалқы станция шешімдерін қолдану туралы келісім жасалды. Сондай-ақ «Siemens» ЖШС 2022 жылғы 9 наурызда «Энергия» институтына цифрлық қосалқы станцияға арналған жабдықты жеткізу туралы ұсыныс жасады (сиф. SIEA-1506-22).

4) «Энергия» институты классикалық қосалқы станцияға арналған «Siemens» релелік қорғаныс және автоматтандыру жобаларын қайта өңдейді (осылайша шешімнің құнын 3 есеге төмендетеді) және жаңартылған CP-ді қайта сұрамайды, әдейі жоғарылатылған бағалар бойынша сараптамаға енгізеді. 

5) Сондай-ақ, техникалық-экономикалық негіздеу кезеңінде бастапқы жобалауда осы қосалқы станцияға «Siemens» компанияларының жабдықтары пайдаланылды, «Энергия» институты мемлекеттік сараптамадан жоғары бағамен өту үшін 110 кВ тарату құрылғыларын және барлық релелік қорғаныс пен Siemens автоматикасын пайдаланды; сараптамадан өткеннен кейін барлығы қытайлық TGOOD-тан тарату құрылғыларына және SHNAIDER ELEKTRIK-ке дейін автоматика релелік қорғанысына қайта өңделіп, қомақты бюджетті қалдырады.

Өзара жауапкершілік

TGOOD GIS жобалау институтын таңдау Alageum Electric компаниясының иесі Еркебұлан Сайдулаұлы Ілиясовтың ұлының бұйрығымен жасалған.

Ілиясов Еркебұлан - Әнуар Қалиұлы Сахархановтың (Neotech Energy компаниясының бейресми негізін қалаушылардың бірі) сыныптасы. Сондай-ақ, Еркебұлан Ілиясов Neotech Energy компаниясымен бірлесіп, Астана әкімдігінің қызметкерлерінен де қолдау тапты. Міне, сол кездегі кейіпкерлер:

Ұзақов Марсель Алмазұлы – Астана қаласы Отын-энергетика басқармасының басшысы;

Закарин Рүстем Сәрсенбайұлы – басқарма басшысының орынбасары; 

Байсадықов Бағдат Жұмашұлы – басқарма басшысының орынбасары, Еркебұлан Ілиясовтың  досы;

Исеналиев Әнуарбек Ерікұлы – ұзақ мерзімді жоспарлау бөлімі, тендерлік құжаттаманы әзірлейді және дайындайды.

Жобалау жұмысы кезінде жетілдірілген әзірлеу бөлімі жабдықты таңдауды және жобаны бекітуді бақылайды.Бөлімнің жауапкершілігі жоба жүзеге асырылғанға дейін жалғасады. Басты кейіпкер – Әнуарбек Исеналиев. Қазір «Арай» қосалқы стансасының құрылысымен «Алагеум» тобына кіретін «Электромонтаж» серіктестігі айналысуда. Бұл қосалқы стансаның құрылысына тендер өткізілмей, бір көзден салуға келісім-шарт жасалған. 

Жиынтық кесте Alageum Electric алатын негізсіз жоғары кірісті есептеп көрсетеді.

Ал шенеуніктерге пара беруге қатысты жанжалбойынша, ол үшін Рашид Аюповқа (Кентау қаласының бұрынғы әкімі, сотталған) ұлы Еркебұлан арқылы компаниялар тобының негізгі иесі Қожабаевтың өзі пара берген. Энергетика магнаттарының тапқан табыстарын тексеріп,  тарифтерді көтеру арқылы тапқан табыстың қайда және неге инвестиция жасалғанын анықтау қажет. Себебі бұл өте қомақты қаражат – 11 млн.қазақстандықтың бір жыл бойы зейнетақы қорына салған қаражатына тең сома. Біздің ойымызша, мұның бәрін тексеріп, ақ-қарасын ажырататын уақыт жетті.

Серіктес жаңалықтары