Қазіргі қоғамдағы өзгерістердің жылдамдығы мен ұрпақтар арасындағы айырмашылықтар саяси және әлеуметтік процестерге тікелей әсер етіп жатыр. Неміс философы Герман Люббе бұл құбылысты «қазіргі шақтың қысқаруы» теориясы арқылы түсіндіреді. Бұл туралы Олег Лиманов Telegram парақшасына жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
УАҚЫТ ҚЫСҚАРЫП ЖАТЫР
Философтың пікірінше, модерн дәуірінде өзгерістер қарқыны үдей түскен. Ал өзекті дүниелердің өзі қысқа уақыт ішінде ескіріп жатыр.
Либерализм мен Капитализм дамыған сайын қоғамдағы құндылықтар жиі жаңарып, тұрақсыз сипат ала бастайды. Бұл жағдай авторитарлық және автократиялық жүйелердің болашаққа деген сенімсіздігін күшейтеді,– дейді Люббе.
Философ Армин Молер енгізген «консерватор-революционер» ұғымы осы үрдістермен байланыстырылады. Ол Француз революциясы кейін қалыптасып, Ағарту дәуірі идеяларына қарсы бағытталған. Бұл дәуір ақыл-ойды, жеке тұлғаны және ғылымды алдыңғы орынға шығарған кезең ретінде белгілі.
КЕДЕЙЛІК ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕГЕН
Мамандардың пікірінше, «қазіргі шақтың қысқаруы» ұрпақтар арасындағы қақтығыстың негізгі себептерінің бірі. Әртүрлі буын өкілдері әртүрлі мәдени және құндылықтар ортасында қалыптасуда. Олардың дүниетанымы мен көзқарастары да бір-біріне сәйкес келмейді.
Бұл айырмашылық әсіресе Еуропа елдері мен Таяу Шығыс, Орталық Азия, Кавказ өңірлерін салыстырғанда анық байқалады. Соңғы аймақтарда дәстүр, дін және үлкендерді құрметтеу басым болып, қоғам құрылымы отбасы мен туыстық байланыстарға негізделген. Ал Еуропада жеке тұлға еркіндігі мен өзгеріске бейімділік жоғары.
Сараптамалық деректерге сүйенсек, соңғы екі ғасырда капитализм аясында бірқатар маңызды көрсеткіштер жақсарған. Атап айтқанда, шектен тыс кедейлік деңгейі төмендеп, білім мен сауаттылық артқан, демократиялық институттар дамыған, вакцинация кеңейіп, бала өлімі азайған. Бұл өзгерістер Модернизм дәуірінің қалыптасуымен тұспа-тұс келеді.
ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ҚАЙТА ОРАЛУ
Осындай тұрақсыздық жағдайында автократиялық жүйелер дәстүрлі құндылықтарға сүйенуді тиімді құрал ретінде қарастырады. Себебі дәстүрлі қоғамда өзгерістер баяу жүреді, ұрпақтар арасындағы айырмашылық аз, ал үлкендердің беделі жоғары болады. Мұндай ортада билікті сақтау жеңілірек, өйткені қоғамда біртұтас көзқарас пен иерархия сақталады.