×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанның басқарушы элитасының рейтингісі жарияланды

16.01.2024, 12:38
Коллаж Ulysmedia

Бірде-бір мемлекеттік институт максималды жеті баллдық меженің төртеуін де еңсерген жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстандықтардың әлеуметтік сауалнамасының қорытындысын "Стратегия" қоғамдық қоры жариялады. Оған 28 сарапшы қатысқан. Тізім 2023 жылдың соңғы тоқсанының қорытындысы бойынша әзірленіпті. Онда барлығы 47 мемлекеттік органдардың басшылары бар. Максималды балл – жеті.

Көшбасшылар

Рейтинг көшін мәжіліс бастап тұр (3,75 балл). Палата спикері Ерлан Қошанов 4,16 балл жинады. Сарапшылар оны "қарапайымдылығы" үшін мақтайды және премьер-министрге лайықты үміткер деп санап отыр. Бұл ретте, сарапшылар парламенттің төменгі палатасына "заң шығару процесінде жекелеген әлеуметтік және экономикалық топтардың мүдделерін қорғаудың ашық белгілері” бар болғандықтан лоббизм туралы заңды қарауға қайта оралуды ұсынады.

Екінші орында мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин тұр. Ол 3,55 ұпай жинады. Сарапшылар: "мемлекеттік кеңесші көптеген тактикалық мәселелерді қадағалайды. Стратегиялық мәселелерге көбірек көңіл бөлсе екен. Оның беделі жоғары, бірақ ол әкімшілік ресурсқа негізделген. Бұл  – моральдық бедел емес" деген пікір айтқан.

Үшінші орынды сенат иеленді (3,48 балл). Төраға Мәулен Әшімбаевтың жұмысы 3,74 баллға бағаланды. Сарапшылардың айтуынша, сенат депутаттары қоғамда тек белгілі бір оқиғалардың комментаторлары ретінде көзге түсіп жүр. Сенаторлардың қоғамдық өмірге қатысуы төмен деңгейде, дейді олар.

Төртінші орынға жоғары аудиторлық палата жайғасты (3,43 балл). Оның басшысы Наталья Годунова 3,61 ұпай жинады. Сарапшылар басшының да, органның да жұмысын оң бағалап отыр. Олар бұл органға анықталған бұзушылықтарды тергеуге көбірек өкілеттік беруі керек деп санайды.

Бесінші орында СІМ тұр. Ведомство басшысы Мұрат Нұртілеудің беделі 3,50 баллға бағаланған. Тіпті, кейбір сарапшылар СІМ-ді 2023 жылдың ең үздік  министрлігі деп те атады. Ал сынға келсек, Нұртілеуге соңғы жылдардағы “ең жабық сыртқы істер министрлерінің бірі” деген “атақ” бұйырды.

Президент әкімшілігі рейтингте сегізінші орынға табан тіреді. (3,23 балл). Елорда әкімдігі жетінші орында (3,34 балл), Алматы – 25 орында (2,88 балл). Соңғы қатарда бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (2,25 балл) тұр.

Басшылар жұмысының тиімділігі

Жетекшілік ететін саладағы жұмыс тиімділігі параметрі бойынша ТОП-10-да бірінші орынды Ерлан Қошанов иеленді. Екінші орында – Наталья Годунова. Үшінші орынға Мұрат Нұртілеу орын тепті. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ең тиімді он басқарушыны түйіндеп тұр. Сарапшылар "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыповты ең тиімсіз басшы деп есептеді.

Ақпараттық ашықтық

Топ-10-да бірінші орын мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға бұйырды. Екінші орында – Ерлан Қарин, үшінші орында — Ерлан Қошанов. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров “ең жабық басшы” деп танылды.

Серіктес жаңалықтары