×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Дәу көкенің» жуан жұдырығы: жемқорлықпен күресте Ербол Назарбаевтың рөлі қандай болды

07.03.2024, 09:59
«Дәу көкенің» жуан жұдырығы: жемқорлықпен күресте Ербол Назарбаевтың рөлі қандай болды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанда жемқорлыққа қатысты істе аттары аталып, түсі түстеліп жүрсе де, сүттен ақ, судан таза «ерекше» адамдар бар. Бұл мақала солардың біреуі жайлы жазылып отыр.

Тегің бәрін шешетін заман

2014 жылдан 2017 жылға дейін естеріңізде болса Қайрат Қожамжаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті басқарды. Ол алдымен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, содан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросын басқарды. Дәл сол Қожамжаровтың тұсында Назарбаевтың немере інісі қызметке қабылданды. 23 жастағы Ербол Назарбаевты Алматыдағы департаменттің арнайы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалуы көпшілікті таңғалдырған еді, алайда ол кезде "бұл қалай?" деп екінің бірі сұрай алмайтын.

Жақында депутат Абзал Құспан Нұрсұлтан Назарбаев пен оның туған-туыстары бір кездері ойына келгенін істегенін – біреудің бизнесін басып алып, екіншісін жұмыстан шығарып, үшінші адамдарды қудалағанын мәлім етті.

– Көбісі әділетсіз айыпталып, сотталды. Бір емес, бірнеше мысал келтіруге болады. Мен Болат Назарбаев туралы айтпай-ақ қояйын, бірақ оның ұлы Ерболдың тікелей қатысуымен байланысты бірнеше іс туралы білемін, - деді Құспан arasha.kz басылымына берген сұхбатында.

Ербол Назарбаев немен айналысты

Ербол Болатұлы Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қалай келді - солай кетті.  Бірақ БАҚ-тағы ақпаратты мән-жайын антикордың журналистерге түсіндіруіне тура келді. Бірақ берілген жауап одан да көп сұрақ туғызды. Ведомство бірден қалқанды тоса қойып, заң Назарбаевтың арнайы бөлімшеде не істегенін, өз міндеттерін орындағанын немесе орындамағанын айтуға тыйым салатынын айтысты. Осылайша, Ербол Назарбаевтың жұмыстан өзі кеткені немесе оның біреудің босатқаны белгісіз болып қалды.

Біз Болат Назарбаевтың ұлы қызмет еткен арнайы департаменттің адамдарды тыңдаумен айналысып, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізгенін білдік. Яғни, Ербол ең жабық ақпаратқа қол жеткізе алған әрі оған үкіметтің кез – келген мүшесі, депутат немесе кәсіпкер жайлы жақсы білген.

Ол туралы мәлімет өте аз. Дәлірек айтсақ, ештеңе жоқ. Қазірдің өзінде көп адам оның ашушаң болғанын, қырына алған адамды қыжыртып жіберетінін сыбырлап айтады. Біреуді бопсалап, қорқытып, алдап кетуі де мүмкін деседі. Егер біреу Ерболға кедергі жасаса, ол оның мансабын тас-талқан етіп, темір тордың артына жіберуге де тайынбайтын.

Мен толық ақталуды талап етемін

Ербол Назарбаев жайлы жұртқа ақпараттты жария салған адамның бірі – сотталған әрі генерал-майор атағынан айырылған Қайрат Көпбаев. Ол өзінің әділетсіз сотталғанын айтады. Ulysmedia.kz порталының бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында ол толық ақталуға ұмтылатынын және Ербол Назарбаевтың нұсқауымен ақ-адал атына кір келтірілгенін айтады.

Осы жөнінде материал Ulysmedia порталы мен YouTube арнасында жақында жарияланады.