×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Алтын Орданың» бітпейтін дауы: саудагерлер бұрынғы басшылықты қамауға алуды сұрайды

15.03.2024, 10:31
Коллаж: ulysmedia.kz.

Түрлі жанжал, алқам-салқам сауда, алдау, алаяқтық, оған араласқан қылмыстық элементтер – осының бәрі әйгілі "Алтын Орда" базарында қалыпты жағдайға айналған. Мемлекет басшысы ерте ме, кеш пе шу жиі көтерілетін бұл базарға назар аударатыны бесенеден белгілі еді.

Тоқаевты тыңдағаны тыңдады-ау, бірақ тағы дау шықты

2022 жылғы ақпанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаев "Алматы мен оның маңында тұратын 3 млн адамның көпшілігі "Алтын орда" базарынан сауда жасайтынына назар аударған.

– Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдігіне Үкіметпен бірлесіп базарда тәртіп орнатуды тапсырамын. Бұл мәселе басқа аймақтарға да қатысты. Қажет болса, құқық қорғау органдары бұл жұмысқа қосылсын. Екі ай мерзім беремін, – деген еді сол кезде Тоқаев.

Президенттің нұсқауы орындалып, базар бірер уақыт ішінде экологиялық, өртке қарсы және құқықтық тәртіпке келтірілгендей болған. Алтынбек Әлпиев жайлы естелік, Болат Назарбаевтың ықпалы, басқа да криминогендік жағдайлар тарихқа айналғандай көрінген-тін.

Базардың жаңа басшылығы павильондармен аумақты дамыту жоспарларын құруға кірісті, бірақ осы кезде кенет жүзге жуық ашулы саудагер бұған қарсы өре түрегеліп, келіспейтінін айтып, әкімшілік ғимараттың алдына жиналған.

Жергілікті деңгейдегі қаржы пирамидасы

Наразылық білдірушілер базар басшыларының бірі – Данияр Әлпиев 3-ші павильон салу үшін 300-ден астам кәсіпкерден ақша жинап алды деп мәлімдейді.

– Әлпиев өзіне тиесілі емес, әлі салынбаған павильонның бутиктерін сата бастағаны белгілі болды. Белгілі бір соманы жинап алған кезде, оның бір бөлігі құрылысқа жұмсалса, тағы бір бөлігі құмға сіңген судай жоғалып кетті. Базар қараусыз қалды. Бізге күзет қойып, туындаған мәселелерді шешуге тура келді, - дейді "Компания номер один" компаниясының директоры Александр Недогарко.

Дау-дамай Алматы облысының полиция департаментіне жетіп, онда қылмыстық іс қозғалған. Ал саудагер-үлескерлер жәбірленуші деп танылған.

– Мұның бәрі біздің бизнесіміздің болашағына қарапайым инвестиция ретінде басталды. Біз кәсіпкер ретінде жаңа павильонда сауда алаңдарын кеңейтуді жоспарладық. Бірақ Әлпиевтің командасы біздің үмітімізді күлге айналдырды: олар әлі салынбаған жер үшін ақы төлеуді талап етті, тіпті мұнымен тоқтап қалмады – олар жақсы деп аталатын орындар үшін "откат" ала бастады. Жаңа павильон салуға ақшамызды берген кезде мұның бәрі тұзаққа айналады деп ойлаған жоқпыз. Әлпиевтің командасы бізге "бизнестеріңіз өркендейді, дамиды" деп уәде берді. Сеніміміз ақталмай, сатқындыққа тап болдық. Командаға Маржан, Бекет, Дәулеткелді, Бақытгүл және басқалар кірген. Олар керемет табысқа кенелетінімздей түр жасады, бірақ айтылған уәденің бәрі өтірік болып шықты, - дейді кәсіпкер Райхан Айдарбаева.

Қырғыздардың қанша қатысы бар

Кәсіпкерлерге үлкен павильон тек "бір трактордың көмегімен салынатынын" түсінген саудагерлер алданып, сан соғып қалған.

Олардың айтуынша, Әлпиевтің командасы Қырғызстанда болған. Оған іздеу жарияланған уақытта Қырғыз Республикасының консулдығы Қазақстанға нота жіберген. Жанжал мемлекетаралық сипат алды. Бірақ жерлестерінің құрбаны болған Қазақстандағы қырғыздар істің бұл бағытта бұрылуымен келіспейді.

– Қазір айналадағы адамдар базар үшін төлегеннен басқа, әр кірген жүк көлігінен 50 мың теңгеден тағы төлегенін еске алады. Әйтпесе, жүк көліктері 3 күн тұруы мүмкін. Сіз Қазақстанға жұмыс істеуге келдіңіз бе, біз құшағымызды аштық – ал олар, дөрекі түрде бізді "лақтырып" кетті, - деп кәсіпкер Эльнура Есенқұлова ашуланады.

Базарда бұрыннан бері істеп келе жатқан Қанат Кемпіреков Данияр Әлпиевтің жұмысы базардың бұрынғы иелерінен жақсы болған жоқ деп санайды. Базар тарихын бір кісідей білетін ол мұндай істерге мафия араласқанын айтады.

– Әлпиевтің алдыңғы командасымен жұмыс істей отырып, мен олар қалай жұмыс істейтініне куә болдым. Олар тез әрекет етіп, мафияның көмегімен кәсіпкерлерден ақша жинады, ақыры базарды басқара алады деген сенім толығымен жойылды. Ақиқат пайда болған кезде менеджмент пен басқарушы компания дереу ауыстырылды, - дейді базар директорының орынбасары Қанат Кемпіреков.

Әлпиевтің схемасы

Саудагерлер жоспардың бәрі ұсақ-түйегіне дейін ойластырылғанын айтады. Алдымен кәсіпкерлерге жаңа павильондағы орындар ұсынылған, олар белгілі бір мөлшерде ақша сала отырып, тапсырыс бере алады. Содан кейін олар құрылыстың жақын арада аяқталатынына сендіреді. Алайда инвестицияланған қаражатқа қарамастан, павильон құрылысы аяқталмай, ақша жоғалып кеткен. Бұл істің тарихы классикалық қаржы пирамидасын еске түсіреді, оған сәйкес жаңа инвесторлардың ақшасы – алдыңғы төлемдерге жұмсалады.

Жаңаша "Алтын Орда"

- Бүгін де нарықта барлық жұмыс мемлекеттік стандарттарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Барлық дерлік сатушыларда менің жеке нөмірім бар. Егер заңсыз әрекеттер болса, қоңырау шала алады. Біз келушілер мен кәсіпкерлерге барынша ашық болуға тырысамыз. Адамдар тіпті жұмысымызға таңғалады, - дейді Big City Market компаниясының директоры Данияр Дүзбаев.

Базарда жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Басшылық павильондар қатары мен шатырлардың орнына заманға сай павильондар пайда болады және кросс-доктар салынады деп уәде береді.

- Сондай-ақ, айналмалы қозғалыс жасап, тығындарды түсіреміз. Әлпиевпен болған бұл оқиға біздің уақытымызды, ресурстарымызды алып қойды. Бірақ кәсіпкерлер бізге сенеді. Олар біздің жетістікке жетіп жатқанымызды көріп отыр, сондықтан менің ойымша, базардың жұмысы жаңаша ұйымдастырылады.

- Құрылыс кестеден озып келеді. Біз, әрине, нысанды ертерек тапсыруға тырысамыз, жеткізілім жақсы, материал сапалы, сертификаттары бар. Бәрі заңға сай, - деп сендіреді құрылыс басшысы Алматы Сариев.

Ал саудагерлер өз кезегінде Болат Назарбаевтың көлеңкесі әлі күнге дейін "Алтын Орданы" қуып келе жатқанын айтып, базар өз тарихының қара беттерін тарихқа қалдырар деп деп үміттенеді.

Серіктес жаңалықтары