×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Нақты: шетелдік көлікті Қазақстанда тіркеуге қанша кетеді

18.11.2021, 15:37
Фото: Ашық дереккөзден

Ресейден көлік әкеліп, оны елімізде тіркемей жүрген Қазақстан азаматтарының айтатын негізгі уәжі утилизация (кәдеге жарату) алымы мен алғашқы тіркеудің қымбаттығы болып отыр. Осы орайда Ulysmedia.kz аталған өзекті мәселеге байланысты нақты сандарға шолу жасап көрді.

Бүгінде шетелден кіргізілетін әр автокөліктен алынатын утилизациялық төлем, ашық дереккөздерге сүйенсек, қозғалтқыш көлеміне қарай 13 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Оны есептеуде базалық мөлшерлеме ретінде 50 АЕК қолданылады. 

Жеңіл көлікке қатысты ең аз утилизациялық алымды электр қозғалтқышы бар және қозғалтқыш көлемі 1000 текше сантимертге дейінгі көлік иелері төлейді – 437 550 теңге.

Ал қалғандары бойынша жағдай келесідей:

1 001-2 000 текше сантиметр – 1 020 950 теңге;

2 001-3 000 текше сантиметр – 1 458 500 теңге;

3 000 текше сантиметрден көп – 3 354 550 теңге.

Сонымен қатар, жүргізушіні есептемегенде, жолаушылар отыратын орындар 8-ден аспайтын шетелдік көлікті Қазақстанда алғашқы рет тіркеуге келесі сомалар қажет:

шыққанына 2 жыл болмаса 0,25 АЕК, яғни 729,25 теңге;

2-3 жыл жүрілген - 145 850 теңге;                                                                                                                                               

3 жылдан асса - 1 458 500 теңге.

Айтпақшы, санатына қарай, қолданылғанына 5 немесе 7 жылдан асып кеткен ескі автобустар мен жүк көліктеріне 7 292 500 теңге шығындануға тура келеді.

Бұдан тыс, көлік құралын мемлекеттік тіркеу куәлігін дайындауға мемлекеттік алым 1,25 АЕК (3 646 теңге) болса, мемлекеттік нөмір алуға 2,8 АЕК (8 167 теңге) шығындалу керек.

Айтпақшы «Еуро-4», «Еуро-5» немесе «Еуро-6» қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмесе, көлікті Қазақстанда тіркеуге қоймайды. 

Ресейде тіркелген көлікті Қазақстанда тіркеусіз айдап жүру үшін бас сенімхат пен сақтандыру полисін рәсімдеген жөн. Содан кейін 12 ай сайын сол жаққа барып, техникалық қарау жасату қажет. Тағы бір ескерер жайт, Қазақстанда тек рулі сол жақтағы көлікті басқаруға рұқсат етілген. Тізгіні оң жақтағы темір тұлпарды уақытша, сенімхатпен жүргізуге болады.

Сонымен, мысалға, Ресейден жиі әкелініп жатқан, 2013 жылы шыққан, яғни Еуро-4 cтандартына сәйкес келетін ВАЗ (Lada) 2114 көлігі Қазақстанда орташа алғанда 1 798 000 теңгеге саудалануда. Сонда ол үшін утилизациялық және алғашқы тіркеу төлемін жасау үшін иесі көліктің өз бағасынан жоғары, 2,5 млн теңгенің төңірегінде қаржы жұмсау керек.

Қазақстандағы 2021 жылғы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері – 2 917 теңге.

Серіктес жаңалықтары