×
541.82
627.1
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.82
627.1
6.78

139 жылдан кейін бақытқа кенелесіздер: «ҚазМұнайГаз» этан өндіруде қалай және қашан пайда табады

Бүгін, 15:56
139 жылдан кейін бақытқа кенелесіздер: «ҚазМұнайГаз» этан өндіруде қалай және қашан пайда табады
ulysmedia коллажы

Қарапайым есеп бізді өмір әлі де ешнәрсеге үйретпегенін көрсетті. Мүмкін барлығын өзіне алатындар үйренген болуы да мүмкін. Мұнай саласының сарапшысы Асқар Исмаилов стратегиялық ресурс этанды әлемдік нарықтағы бағадан әлде қайда арзан бағаға сатылып жатқанын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Анықтама: Асқар Исмаилов Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз мұнай кен орындарын игеруге қатысқан. Әзербайжандағы «Шах-Дениз» Оңтүстік Кавказдағы құбыр жүйесі, Түркиядағы «TANAP» газ құбыры, ірі «ConocoPhillips», «Eni», «Лукойл», «Самрұқ-Қазына» компанияларында жұмыс істеген. Қазір сарапшы ретінде «PACE»  Telegram-арнасын жүргізеді.

ЖОМАРТТЫҚ КІМНІҢ ЕСЕБІНЕН
 

«Полиэтилен жобасы үшін Атырау облысында этанның бағасын MMBtu үшін 0,5 доллардан аспайтын етіп белгілеу жоспарлануда. Салыстырмалы түрде, Сауд Арабиясында 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Aramco арқылы этан бағасын 3 долларға дейін көтерді (бұрын  2,50 доллар болған). АҚШ-тағы Мон-Бельвью хабында бағалар MMBtu үшін 6-ға дейін көтерілді, ал кейбір кезеңдерде одан да жоғары болды», - дейді Исмаилов.

Сарапшы Қазақстанның әлемдік мұнай-химия орталықтары ұсынған бағадан 6-10 есе арзан баға қойып отырғанын түсінбейді.

«Ұзақ уақыт бойы жоба лоббистері қоғамды газ химиясы "өнім құнының 25 есе өсуін"қамтамасыз етеді деп сендірді. Алайда, іс жүзінде мұндай мультипликатор іске асырылмайды: соңғы маржаның едәуір бөлігі күрделі және операциялық шығындарды жабуға, қарыздарға қызмет көрсетуге және шетелдік серіктестерге дивидендтер төлеуге кетеді»

Исмаилов полиэтилен жобасында Қазақстанның үлесі 40 пайыз, қалған 60 пайызы шетелдік инвесторларда екенін айтады.

«Яғни, этанды арзан бағаға сату арқылы негізінен сыртқы инвесторлар пайда көреді. Қазақстан тіпті өзінің мұнай-химия саласында шикізат өндіруші жағдайына түсу қауіпі бар: нарықтық бағамен құнды этанды монетизациялаудың орнына, ел іс жүзінде ұлттық ресурстар есебінен серіктестердің бизнесін субсидиялайды»

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» АРИФМЕТИКАСЫ

Исмаилов табиғи газды тазалауға арналған құрылғы жобасының қайтарымдылығын талайды:

  • CAPEX (құрылыс шығындары): ~$2,5 млрд
  • Этан көлемі: 1,6 млн тонна/жыл
  • Баға: $0,5/ MMBtu
  • Конверсия: 1 тонна ≈ 47,5 MMBtu
  • Жылдық кіріс: 1,6 млн × 47,5 = 76 млн MMBtu → $38 млн
  • OPEX шығындары: ~$20 млн
  • Таза ағымдағы айналым: ~$18 млн

Операциялық шығындар кірістің 10-20% құрайды, бірақ жоба күрделі болса, көбінесе жоғары болады. Консервативті бағалау үшін біз жылына 20 миллион долларды операциялық шығындар ретінде қабылдаймыз. Өтеу мерзімі (Payback Period): $2,500 млн/. Дисконттауды есептемегенде 18 миллион ≈ 139 жыл.

ҚМГ-ның қазіргі басшысы Асхат Хасенов осындай ұзаққа созылатын бизнес-жобаға қол қойды. Ол Қазақстан үшін ең жақсы жағдайда 139 жылдан кейін қатарымды болады.

«KMG PETROCHEM» НЕ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

Атырау облысында "ҰИМТ" АЭА аумағында полиэтиленмен «Силлено» ЖШС айналысуы тиіс (29,9% «ҚазМұнайГаз»; 10,1% «KMG Petrochem» ЖШС, 30% «СИБУР»  30% «СИНОПЕК»).

* жылына 1250 мың тонна полиэтилен өндіру жоспарлануда;

* жоба құны 7,4 млрд.АҚШ доллары;

* жоспар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2028 жылы аяқталады, пайдалануға беру - 2029 жыл;

* өнімдер Еуропа, ТМД, Қытай, Түркия және, әрине, ішкі нарыққа жөнелтілетін болады.

Шикізат: "Теңізшевройл"ЖШС кен орындарынан 9,1 млрд.м3 құрғақ газдан бөлінетін жылына 1,6 млн. тонна этан.

Сондай-ақ, Атырау облысында KMG PetroChem ТШО аумағында американдық технология бойынша алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін салады. Бұл газ бөлу қондырғысы құрылысының екінші кезеңі.

Зауытта «Полиэтилен» жобасын шикізатпен қамтамасыз ету үшін Теңіз кен орнының құрғақ газынан этан алынады.

* құрылысты 2029 жылы аяқтау жоспарланған;

* құрғақ газды қайта өңдеу көлемі бойынша қуаты: жылына 9,1 млрд. ст. м3;

* Өндірілетін өнім қуаты: Этан жылына 1,6 млн. т дейін, пропан - жылына 360 мың тоннаға дейін.

Осы тұста заңды сұрақ туындайды, неліктен ресми сайтта жобаны дайындаушылар оның экономикалық компонентін және олардың қайтарымдылығын түсіндірмеді? Себебі Қазақстанның газ-химия саласында іске асыру жоспарланып отырған жобалар тартымды емес және экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай емес, өте қымбат және шығыны көп.

Сарапшы Исмаиловтың айтуынша, олардың өтелу мерзімі 139 жыл. Айтпақшы, бұл, бір қарағанда, жаһандық және перспективалы жобаларға қатысудан бірнеше компания, соның ішінде LGChem және Borealis бас тартқан.

Ulysmedia.kz осы мәселеге байланысты «ҚазМұнайГаз» басшысы Асхат Хасеновқа  мінбер ұсынуға дайын.
 

Серіктес жаңалықтары