×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

Алтын үшін айқас немесе Бестөбе тұрғындары жұмысқа орналасуға неге құлықсыз

18.07.2023, 10:53
Алтын үшін айқас немесе Бестөбе тұрғындары жұмысқа орналасуға неге құлықсыз
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бестөбе алтын өндіру кенішінің жұмысы екі жылдан бері тоқтап тұр. Жақында жер қойнауын пайдаланушы осы уақыт ішінде шахталарда жиналған жер асты суларын қалпына келтіру және айдау жұмыстарын бастауға дайын екенін мәлімдеді Демек, кәсіпорын жұмысы қайта жанданады деген сөз. Бірақ кеніштің жұмыссыз отырған қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар кәсіпорынмен келісімге келуге құлықсыз. Ulysmedia.kz президенттің жеке бақылауында болғанына қарамастан мәселе неге шешілмей тұрғанын, ал азаматтар "Алтыналмас" компаниясы ұсынған тұрақты жұмыс пен жалақыдан бас неге бас тартатынын анықтап көруге тырысты.

Тарихы

Бестөбе кенішінде шамамен екі жыл бойы өндіріс тоқтап тұр – шахталар су астында қалды, ал "Алтыналмас" компаниясы мен ауыл тұрғындары арасында текетірес тоқтар емес. Белсенділер инвесторды кеніштен қууды талап етуді жалғастыруда және жиындарда кенді өндірудің механикаландырылған әдісіне көшуге қарсы екендіктерін айтады. Алтынның үстінде "отырған" Бестөбеде алты мыңнан астам адам тұрады, олардың мыңнан астамы “Алтыналмаста” жұмыс істеді.

Шахта тарихының көлеңкелі беттері аз емес – жүздеген қылмыстық істер мен қатаң үкімдер қаттаулы, бірақ алтын іздеген көлденең көк аттыларды заң тоқтата алмайтын секілді, өйткені заңсыз алтын өндіру ресми жалақыға қарағанда әлдеқайда көп пайда әкелді. "Алтыналмас" компаниясы өндірілген барлық алтынды Ұлттық Банкке сатады, елдің алтын-валюта резервін толықтырады және сол арқылы ұлттық экономиканы нығайтады.

Бірнеше жыл бұрын қылмыстық тергеулер мен қамаулар Бестөбені дүйім жұртқа “мәшhүр” етті – мұнда жоғары шенді полицейлер “қамқорлық” көрсеткен қылмыстық топтардың мүшелері ұсталды, подполковниктер, майорлар, капитандар сотталды. Сол кезде Ақмола облысы прокурорының орынбасары да қамауға алынды. ІІМ статистикасы бойынша, полицейлер соңғы онжылдықта кем дегенде 45000 "қара іздеушілерді" ұстады, жүздеген заңсыз алтын өңдеу цехтарын жапты. ҚР ҚК бойынша мұндай қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұрса да, олар астыртын жұмыс істеуді жалғастырып келеді.

Кәсіпорын оны модернизациялауға белсенді наразылық білдіре бастаған тұрғындардың талап етуімен жабылды. Сарапшылардың пікірінше, өндірістің механикаландырылған әдісі заңсыз алтын өндірушілерге тұсау болар еді.

Не ұсынылып отыр

Алтыналмас" Бестөбе кенішін қалпына келтіру жұмыстарына кірісті – шахталардан су айдала бастады. Компания барлық қызметкерлердің жұмысқа орналасуына жәрдемдеспек – "Қазақмыс" корпорациясына және "Алтыналмастың" басқа кәсіпорындарында вахталық әдіспен жұмыс істеу нұсқалары ұсынылды. Статистика бойынша тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда ұсынылатын орташа жалақы – 700 мың теңгеден астам.

Айта кетерлігі, "Қазақмыста" негізгі мамандықтар бойынша жалақы Бестөбе бойынша орташа көрсеткіштен 2-2,5 есе жоғары, "Алтыналмаста" 50 пайызға дейін жоғары. Салыстыратын болсақ, Бестөбеде тау шеберлерінің еңбекақысы 300 мың теңгеден асса, үңгілеушілер – 440 мың, жарғыштар – 330 мың теңге алады. Жұмыс беруші ұсынып отырған жұмыс орындары бірнеше есе көп ақша табуға мүмкіндік береді, бірақ бестөбеліктер өз біліктіліктері бойынша жұмысқа орналаса алатынына қарамастан, бұл ұсыныстарды қабылдауға асығар емес.

- 19 маусымнан бастап Бестөбе кенішінің қызметкерлеріне "Алтыналмас", "Қазақмыс" және "Қазақалтын"кәсіпорындарындағы бос орындар ұсынылады. Бұрын біз  бос жұмыс орындары бар қала кәсіпорындарының қатысуымен жәрмеңкелер өткізетінбіз. Бұл жолы біз Степногорск кәсіпорындарының өтінімдері бойынша қалыптастырылатын ресми көздерден бос жұмыс орындарының тізімін ұсынамыз, - деді қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Қарлығаш Гафарова.

"Алтыналмас АК" АҚ құрамына кіретін "Қазақалтында" қалпына келтіру жұмыстарына адам қажет екені хабарланды: су айдауға қазір жұмыссыз отырған қызметкерлер тартылады.

Басқа да нұсқалар бар – тау-кен компанияларына жерасты өздігінен жүретін машиналар мен тиеу машиналарының машинистері, тау-кен жұмысшылары, Жамбыл облысындағы Ақбақай  және Қарағанды облысындағы Пустынное өндірістік алаңына жарғыш мамандар, сондай-ақ Ақсу-2 алаңына қосалқы жұмысшылар қажет.

Сондай-ақ, "Қазақмыс" та бос жұмыс орындарына шақырып отыр – Ұлытау және Қарағанды облыстарындағы Жомарт, Абыс, Құсмырын-Ақбастау, Шатыркөл және Жайсан кеніштерінде мамандар қажет. Компания тау-кен жұмысшыларына, бұрғылау көмекшілеріне және машинистерге жұмыс ұсынуға дайын.

Алайда, жұмысқа орналасудың түрлі нұсқаларына қарамастан, жарияланған бос орындар жәрмеңкелеріне 800 адам келді, олардың жетеуі ғана "Алтыналмаста" жұмыс істеуге дайын және небары 52 адам "Қазақмыста" жұмысқа орналасуға ниет білдірді. Сонымен қатар, компанияда қызметкерлердің 36%-ы жұмысқа орналастыру жәрмеңкелеріне қатысу мүмкіндігі туралы хабарламаларды мүлдем елемеді.

Кім жұмысқа орналасты

Бестөбеліктерді жұмысқа орналастыру мәселелерімен жұмыс беруші компания бір жылдан астам уақыт айналысады. 2022 жылы "Алтыналмасқа" 30-дан астам тұрғын көшті. Мысалы, жұмысқа орналастырылған қызметкерлердің 10-ы Степногорск тау-кен техникалық колледжінде қайта оқытудан өтті. Олардың қатарында бұрғылау қондырғыларының, конвейерлердің, экскаватор-тиегіштердің машинистері, құрамында алтын бар кендерді қоюландырғыштар мен байыту аппаратшылары, сондай-ақ жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі өнім бақылаушылары мен электр слесарлары бар. Олар қазірдің өзінде Ақсудағы "Алтыналмас" өндірістік алаңдарында еңбек етуде.

Жұмысқа орналасқан бестөбеліктер вахталық әдістің артықшылықтарын атап өтті – олар жарты ай бойы жұмыс берушінің толық қамтамасыз етілуінде, ыңғайлы жағдайда өмір сүреді, толық тамақ, киім-кешек және медициналық сақтандырумен қамтылған.

Вероника Софронова Ақсу 2 учаскесінде бақылаушы болып жұмыс істейді. Ол тау-кен колледжінде жаңа мамандықты игерді. Ол қызын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр, сондықтан әйел өзіне тұрақты жұмыс пен жалақы өте қажет екенін айтады.

Рустем Садықов та жеделдетілген бағдарлама бойынша жаңа мамандықты игеріп алыпт. Қазір ол Ақсу-2 кәсіпорнының автокөлік учаскесінің экскаватор-тиегіш машинисі.

- Мен ұжымға, басшылықтың көзқарасына, тұрақты жалақыға және ай сайынғы сыйлықақыларға қанағаттанамын. Болашақта үлкенірек тракторға ауысқым келеді", - дейді ол.

Светлана Гаврилюк пен Наталья Мужик Батыс Бестобе шахтасында жарылғыш заттарды таратушы болып жұмыс істеді. Олар оқудан өтіп, Ақсу алтын өндіру фабрикасында аппаратшы болды. 

- Маған тамаша кесте ұсынылды, ұжым жақсы қабылдады, жұмысым мен үшін екінші отбасым сияқты. Мен өте ризамын. Ең бастысы – жұмыс, жалақы, сыйлықақы. Барлығы тұрақты және сонысы қуантады", - дейді Светлана Гаврилюк.

Кімнің мүддесі

Әрине, жұмысқа орналасудан бас тартқан Бестөбе тұрғындары заңсыз алтын өндірушілердің мүддесін қорғап отыр деген ой келмей қоймайды.  Өйткені полицейлер екі күннің бірінде заңсыз цехтарды табады. Бестобе тұрғындарының алдында екі жол бар – қылмыс ошағына айналу немесе кәсіпорынның жұмысын жандандырып, алтынмен аты шыққан ауылдың тұрмысын көтеру.