×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Семейлік оқушылар онлайн оқуға көшті

23.10.2023, 11:40
Семейлік оқушылар онлайн оқуға көшті
фото: ашық дереккөзден

Бүгін Семейдегі №40 орта мектептің оқушылары қашықтан оқып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті.

"№40 орта мектепте сағат 9:08-де ғимараттың жертөлесінде орналасқан электрқалқан бөлмесінде түтін шықты... Өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы (қысқа тұйықталу) себеп болған", – делінген хабарламада.

Мектеп әкімшілігі өрт шыққанын дер кезінде хабарлаған.

"Оқушылар мен мектеп қызметкерлері эвакуацияланды (371 оқушы және 45 қызметкер)... Осы уақытта электр қуатын өшіріп, кейін өртті сөндіру үшін ШҚО ӨЭЖҚ қызметі келді. Оқу процесі қашықтан оқу форматқа көшірілді", – деп мәлім етті әкімдік. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Таразда мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түсуіне байланысты оқушылар жаппай эвакуацияланған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жарылыс туралы хабар бергендер 10 млн теңге талап етіп, шарттары орындалмаған жағдайда мектепті жарып жіберетіндерін мәлімдеген.

Көп ұзамай Жамбыл облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және Тараз қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жалған ақпарат берген сегізінші сыныптың екі оқушысын анықтады.Оқушылардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды, олар 17 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.