×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Ресей-Украина соғысында Б жоспарын қолдаймыз – Мажарстан премьер-министрі

03.11.2023, 12:42
Ақорда

Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбан Украина мен Ресей соғысы жайлы ұстанымын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Украина мен Ресей арасындағы соғыс жайлы айтқым келеді. Ол соғыстың бәрімізге тигізетін ықпалы, қаупі бар. Украинамен шекараласамыз. Еуропа стратегиясы мүлде тиімсіз. Қазір Еуропа Украинаға қару береді, соғыс жалғасып жатыр. «Украина жеңеді, Ресей жеңіледі» деген жоспар болған. Бірақ ол орындалмады. Еуропа саясаткерлері қазір мынадай мәселелерге тап болды. «Бізде Б жоспары бар ма?» деген. Кейбір елдер осы саясатты жалғастырайық дейді. Екіншісі  Б жоспарын ұсынады. Екі тарап ортақ мәмілеге келсе дейді, – деді ол.

Мажарстан премьер-министрінің айтуынша, ары қарай саясатты жалғастыру керек дегендер Украинаға 50 млн еуро берейік деседі.

– Түкке жетпеген стратегияны жалғастырсақ, көбірек ақша салсақ жеңіске жетеді деген ой бар. Пікірталас көп. Мажарстан Б жоспарын қолдайды. Біздің ойымызша, жаңа Еуропа қауіпсіздігінің инфрақұрылымын ойлау керек. Украина үшін де, Ресей үшін де ортақ компромис бар. Түркия, түркі елдері үшін де ол пайдалы. Өйткені, осы ұзақ мерзімді бейбітшілік түркі әлемінсіз мүмкін емес. Осы ойды қолдайтын Ердоғанға рақмет! – деді ол.

Серіктес жаңалықтары