×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Балаларды тек бір тілмен шектемеу керек - Тоқаев орыс тілін де оқу қажет деді

21.10.2021, 11:40
Балаларды тек бір тілмен шектемеу керек - Тоқаев орыс тілін де оқу қажет деді
фото: CABAR.asia

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында балалар білімі туралы пікір айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Біздің мектептердің түлектері қазақстандық қоғамға сай болуы керек. Олар бәсекеге қабілетті болуы тиіс, ал ол үшін мемлекеттік тілді де, өз ұлтыңның тілін де білу қажет. Және, орыс тілін де білген жөн», - деді президент.

Тоқаевтың пікірінше, көбірек тіл білген балалардың өздеріне жақсы.

«Оларды тек бір тілмен шектеп керек емес. Осылайша әрекет етсек, біз олардың алдағы дамуын шектейміз. Жақсы болашағының қалыптасуына кедергі келтіреміз», - деп түйіндеді ол.

Мемлекет басшысы білім және ғылым министрлігіне бүкіл әлемдегі көптілділік тәжірибесін зерттеп, оны елімізде қолдануды тапсырды.