×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қызылорда облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы басталды

27.11.2023, 13:03
Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша Қызылорда өңірі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға кірісті, деп жазады Ulysmedia.kz.

Аталмыш ұлттық жоба 2023-2024 жылдары 300 мыңнан аса ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің деңгейін көтеру және  медициналық көмекті уақытылы көрсету үшін «алтын уақыт» қағидатын сақтау сияқты басқа да бағыттарды көздейді.

Бұл жобаның аясында ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту бойынша 27 нысанның құрылысы салынбақ (24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет).

Биыл 16 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, 2024 жылға жоспарланған 11 нысан құрылысының  жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамаға енгізіліп, қаралу үстінде.

2025 жылға қарай Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған ауданаралық ауруханаларын «Көпбейінді ауданаралық аурухана» деңгейіне жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Жоспарланған төрт көпбейінді ауданаралық ауруханаларда инсульт және кардиологиялық орталықтар, медициналық оңалту, травматология, хирургия, реанимация және қарқынды терапия бөлімдері, триаж жүйесі бар жедел жәрдем бөлмесі ашылып, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен (КТ МРТ, ангиограф, сараптамалық дәрежедегі ультрадыбыстық, эндоскопиялық, реанимациялық жабдықтар, медициналық оңалту және т.б.) жабдықталатын болады.

Сонымен қатар Қызылорда қаласында медицина ұйымдарын сапалы қанмен қамтамасыз ету мақсатында  2,9 млрд теңгеге қан орталығының құрылысы жүзеге асырылып жатыр.

«Қазақстан халқына қоры» арқылы да бірқатар әлеуметтік жобалар іске асқан. Атап айтқанда, онкологиялық скрининг жүргізуге арналған құны 1,1 млрд теңгені құрайтын екі жылжымалы медициналық кешен өз жұмысына кіріскен.

Медициналық кешен шалғай елді мекендердегі тұрғындардың жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға, орташа өмір сүру жасын ұзартуға мүмкіндік береді.

Ондағы мобильді бригада құрамы онколог, ультрадыбыстық зерттеу, сәулелік диагностика дәрігерлері, рентген-лаборант және тағы басқа 12 маманмен қамтылған.

 

 

Серіктес жаңалықтары