×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Украинаға батыс елдерінің көмегі азайып жатыр ма

18.12.2023, 17:01
Владимир Астапкович

Украина батыс елдерінің қаржылық көмегінсіз екі айға ғана шыдайды. Бұл туралы халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басқарушы директоры Кристалина Георгиева Financial Times газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Киев қаржыландыру тапшылығына бірнеше ай ғана төтеп бере алады", — деді Кристалина Георгиева.

ХВҚ басшысы батыс елдерін ел экономикасына қауіп төндірмеу үшін Украинаға "шұғыл түрде ондаған миллиард доллар беруге" шақырды.

Киев билігіне көмек көрсету кешіктірілсе, оларды "ақша басып шығару сияқты тұрақсыздандыратын саясатқа" қайта оралуға мәжбүр етуі мүмкін", деп қосты ХВҚ басшысы.

"Бұл кезеңнің ұзаққа созылмауы маңызды, өйткені ел экономикалық перспективалардың жақсаруын күткен кезде Украинаға үлкен қысым көрсетіліп, соған бейімделуге мәжбүр болады", – деді Георгиева.

Соңғы кезде Киевке Батыстан көрсетілетін көмек айтарлықтай азайды. Бірнеше аптадан соң көмек көрсетуге мүмкіндік болмайтыны, сондай-ақ одан ары қолдауға кепілдік болмайтыны туралы Ақ үйде де айтылған болатын. Сонымен қатар Венгрия Киев үшін 50 миллиардты қамтитын ЕО-ның көпжылдық бюджетін 66 миллиард еуроға ұлғайту туралы келісімге тосқауыл қойды.

Серіктес жаңалықтары