×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Тоқаевтың бизнесмендермен кездесуінде болған жалғыз әйел кім

20.12.2023, 22:32
akorda.kz

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Жиын барысында ұлттық экономиканы сапалы әрі орнықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды», - делінген Ақорда таратқан ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, Ақорда таратқан суреттердің бірі көпшіліктің назарын аударды. Бір топ азулы бизнесмендермен бірге Қ.Тоқаевтың жанында тұрған ару кім деген сұрақ туындады. “Ұлысмедиа” ол сенатор Зәкіржан Кузиевтің қызы екенін анықтады.

Rupep.org сайтындағы мәліметке сәйкес суреттегі қыз Замира Кузиева. 1996 жылы туған. Соңғы жұмыс орны - «Единый Консолидирующий Центр» ЖШС басқарушы директоры.

Бұл компания Қазақстан аумағында және Қазақстан шегінен тыс жерлерде "Қазақстан Темір Жолы "ҰК" АҚ -ның вагондары мен контейнерлері арқылы жүк тасымалдаумен айналысады.

Туыстық байланыс деген жерде әкесі Зәкіржан Кузиев екені көрсетілген.

Зәкіржан Кузиев Президент Жарлығымен тағайындалған Парламент Сенатының депутаты. Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі.1969 жылы 30 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.

Қызмет жолы:

“Ремстройтехника" өндірістік бірлестігіндегі 5-разрядты ағаш ұстасы-станокшы (1990-1991);

Шағын өндірістік коммерциялық кәсіпорынның" төрт және К " шеф-монтаж бөлімінің нұсқаушысы (1991-1992);

"Бірлік" МЖӘ директорының орынбасары (1992-1993);

"Назигум" шағын жеке кәсіпорнының директоры (1993-1996);

"Универсал" АҚ президенті (1996-1999);

"Универсал" жақ директоры, Бас директоры, "Бент-Анак" БК Бас директоры (1999-2005);

"Жаркент крахмал зауыты" ЖШС Бас директоры (2005-2008);

Президент, Байқау кеңесінің төрағасы, "Универсал" ЖШС Бас директорының кеңесшісі, (2008-2010);

"Жаркент крахмал зауыты" ЖШС құрылтайшысы (2005 жылдан бастап), "Жаркент крахмал зауыты" ЖШС, "Универсал" ЖШС директорлар кеңесінің басқарма төрағасы (2016 жылдан бастап).

Сайланбалы лауазымдар, депутаттық:

Алматы облыстық мәслихатының V-VI шақырылымының депутаты, бюджет, тарифтік саясат, заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі (2016-2022);

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі (2017 жылдан бастап), Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары (11.2020-28.04.2022);

VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясынан депутаты (28.04.2022-19.01.2023);

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (25.01.2023 бастап);

Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы Алматы облысындағы филиалының төрағасы; Алматы облысындағы "Атамекен" өңірлік кеңесінің мүшесі; "Универсал"компаниялар тобының Байқау кеңесінің төрағасы.

Серіктес жаңалықтары