×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа ат мінгізді

25.10.2021, 09:40
Фото: Akorda.kz

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды ахалтеке арғымағын сыйлады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Ашхабадтағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды ахалтеке арғымағын сыйлады. Бұдан бөлек еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты», - деп жазды Берік Уәли.

Түрікмен телеарнасының хабарлауынша, Қазақстан басшысына Ганатлы (Қанатты) атты ахалтеке жылқысын түрікмен халқының атынан Гурбангулы Бердімұхамедов сыйға тартқан.

Бұдан соң вице-премьер, ахалтеке жылқы шаруашылығы халықаралық қауымдастығының президенті және «Түрікмен алабайлары» халықаралық қауымдастығының президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстан басшысына Говхер (Алмаз) атты түрікмен тазысын сыйға тартты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары уағында Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге ахалтеке жылқысына арналған кешен ипподромын аралағандығы хабарланған еді. Мемлекет басшысына Түрікменстан президенті арғымақ аттарын көрсетіп, бірге шабандоздардың өнерін тамашалады.

Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді деп жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары