×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Мәжілістің тағы бір депутаты өкілеттігін тоқтатады

26.01.2024, 18:04
Мәжілістің тағы бір депутаты өкілеттігін тоқтатады
Коллаж: Ulysmedia

Депутат денсаулық жағдайына байланысты өз өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

«Ақ жол» партиясынан сайланған депутат Ержан Бейсенбаевтың Мәжілістен кететіні белгілі болды. Бұл туралы Ulysmedia.kz дереккөз хабарлады.

Денсаулық жағдайы бойынша Мәжілістен кетеді, - деп атап өтті дереккөз.

Ол туралы не белгілі

Ержан Бейсенбаев 2023 жылғы наурызда өткен сайлаудан кейін «Ақ жол» партиясынан Мәжіліс депутаты болды. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр. Мәжілісте ол Қаржы және бюджет комитетінде қызмет етті. 1990 жылы Талдықорғанда туған. Еңбек жолын қазақстандық банкте бағдарламашы болып бастаған. Кәсіпкерлікпен айналысқан.

Динара Шүкіжанова

Естеріңізге сала кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында 24 қаңтарда депутат Динара Шүкіжанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды. ОСК бұған дейін тиісті қаулы шығарған болатын. Мәжілісвуменнің өзі өтініш берді. Ол Экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің мүшесі болды.

Бұған дейін Respublica партиясы Шүкіжанова өзінің бизнеске оралатынын жариялап, депутат мандатын қою туралы шешім қабылдағанын айтқан болатын. Бұл ретте ол Орталық кеңестің тең төрағасы және мүшесі болып қала отырып, партиядағы рөлін сақтайды. Біздің дереккөз шынайы себеп қақтығыс болғанын хабарлады. Депутаттар отставкаға кетуді көпшілік дауыспен қолдаған.