×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бүгіннен бастап Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметіне кірісті

Бүгіннен бастап Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметіне кірісті
Фото: eec.eaeunion.org

Бақытжан Сағынтаев бүгіннен бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметіне кірісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

25 желтоқсанда Санкт-Петербургте болған Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары бекіткен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы жұмысқа кірісті.

Бүгіннен бастап ЕЭК алқасының төрағасы - Қазақстан Республикасының өкілі Бақытжан Сағынтаев, - делінген хабарламада.

Сол кезде Ресей президенті Владимир Путин Бақытжан Сағынтаевты құттықтаған.

2024 жылдың 1 ақпанынан бастап алқа басшысы лауазымына кірісетін Сағынтаев мырзаны құттықтаймын – біз оны өте жақсы білеміз, ол бұған дейін ЕЭК мүшесі болып жұмыс істеді. Сондықтан өзінің жаңа міндетіне жігерлене кірісетініне сенімдімін. Ол сондай-ақ Қазақстан президентінің әкімшілігінде істеді, үкімет төрағасы, Қазақстанның премьер-министрі болды, - деді Ресей президенті.

ЕЭК алқасының мүшелері (министрлер) бекітілді: олар кімдер?

ЕЭК-тің өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян;

ЕЭК-тің ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Варос Симонян;

ЕЭК-тің бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович;

ЕЭК-тің техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий;

ЕЭК-тің кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Эльдар Алишеров;

ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты жөніндегі​ министрі Бақыт Сұлтанов;

ЕЭК-тің энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев;

ЕЭК-тің интеграция және макроэкономика жөніндегі мнистрі Сергей Глазьев;

ЕЭК-тің сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Еуразиялық экономикалық комиссияның мақсаты не?

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) – Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты әрекет ететін реттеуші органы. 2012 жылғы 2 ақпаннан бастап әрекет етуін бастаған.

Еуразиялық экономикалық комиссияның негізгі мақсаты - ЕАЭО әрекет етуінің және дамуының шарттарын қамтамасыз ету, одан әрі интеграция саласындағы ұсыныстарды әзірлеу.

Бақытжан Сағынтаев. Ол туралы не білеміз?

Ол 2022 жылдан бастап ЕЭК-те жұмыс істейді. Комиссия құрамына Экономика және қаржы саясаты министрі ретінде кірген. Бақытжан Сағынтаев 2022 жылы қаңтарда Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды. 2019 жылдың 28 маусымынан бастап Қазақстандағы ең ірі қаланың әкімі қызметін атқарды.

Бұған дейін ол Президент Әкімшілігінің басшысы ретінде бірнеше ай жұмыс істеді. 2016 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін Премьер-министр болды. Мемлекеттік хатшы қызметін атқарды.

Сонымен қатар әр уақытта ол Экономикалық даму және сауда министрі, Павлодар облысының әкімі қызметін атқарды.