×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қосылған құн салығын 12-ден 16 пайызға дейін көтеру мәселені шешпейді - Тоқаев

07.02.2024, 10:24
Ашық дереккөзден

Тоқаев жаңа салық кодексі әзірленіп жатқанын, бұл құжат инвесторларға қолайлы жағдай жасау мен бюджетке қажетті көлемде қаржы түсірудің арасында көкейге қонымды теңгерім болуын қамтамасыз етуі керек екенін айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.

“Қазақстанда түпкі мәні өзгеріп кеткен қосылған құн салығының өзін реформалау қажет. Оны 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру мәселені шешпейді. Сарапшылар қосылған құн салығын көтеру көлеңкелі экономиканың үлесін арттырып, инфляцияның өсуіне әкеп соқтыруы ықтимал деп орынды пікір білдіріп жатыр”, – деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл қадам еліміздің инвестициялық тартымдылығына да кері әсер етуі мүмкін.

“Бұрынғы Үкімет Ұлттық қордан бөлінетін трансферттің орнына салықты көтеріп, қазынаға қосымша қаржы түсіреміз деген уәжді алға тартатын. Жаңа салық кодексін әзірлеу барысына Мемлекет басшысы ретінде менің көңілім толмайды», - деді Тоқаев. 

Серіктес жаңалықтары