×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Димаш халықаралық ұйымнның ізгі ниет Елшісі атанды

15.02.2024, 16:49
Ашық дереккөзден

Қазақ әншісі Димаш Құдайбергенмен бірге әлемнің үздік спортшылары мен суретшілері аталған тізімге енген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңадан тағайындалған Ізгі ниет Елшілері өз дарынын пайдаланып, көші-қонның мүмкіндіктерін, көштегілерге қалай көмектесу керектігін айтып, үндеу жасайды. Аталған құрамға тоғыз Елші - сегіз адам мен бір футбол клубы енген. Олар:

  • Ама К. Абебрезе (актриса әрі тележүргізуші, Гана)  
  • Николас Марин Бенитес (фотограф, Аргентина/Аруба)
  • Пол Чой (фотограф, Маврикий )
  • Муктар Диахаби (футболшы, Гвинея )
  • Кофи Кинаата (музыкант, Гана)
  • Дзанан Мұса (баскетболшы, Босния )
  • Мирела Сула (психолог, журналист, Албания )
  • Димаш Құдайберген (әнші, композитор, Қазақстан, (Азия үшін аймақтық рөлімен)  
  • "Атлетико Пенарол" клубы (Уругвай).

Елшілер жағдайды жақсы жаққа өзгертуге тырысады. БҰҰ сайтында Димаш Құдайберген, бүкіл Орталық Азияда және одан тыс жерлерде өте танымал әнші екені жазылған.

– Ізгі ниет Елшісі ретіндегі рөлімде мен мигранттардың құқықтарын қорғағанымды мақтан тұтамын. Әр адам қорғала алатын әрі мүмкіндіктерге толы ашық әлем үшін бірігейік, - дейді Димаш Құдайберген.

Серіктес жаңалықтары