×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Мәжіліс жаңа депутатпен толықты

04.03.2024, 17:29
Фото: Ашық дереккөзден

«AMANAT» партиясы Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен Парламент Мәжілісі депутатының партиялық тізім бойынша бос мандаты Нұрсұлтан Байтілесовке берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңа депутат 1991 жылы туған. Шымкенттегі Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетін «экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Заңгер.

Әр жылдары Астана қаласы Алматы аудандық сотының жетекші маманы, бас маман-сот отырысының хатшысы, сот приставы, Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бас консультанты болып қызмет еткен. Президенттің кадрлар резерві құрамындағылардың бірі.

Серіктес жаңалықтары