×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қазақстан Украинаға әскери көмек көрсетіп жатыр: Қорғаныс министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Фото: Қорғаныс министрлігі

ҚР Қорғаныс министрлігі БАҚ пен әлеуметтік желілерде Қазақстан «Укрспецэкспорт» компаниясымен Украина қарулы күштерінің қажеттіліктері үшін ресейлік әскери өнімдерді сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған.

Мұндай қауесеттер Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған. Осыған байланысты азаматтар мен БАҚ өкілдерін таралып жатқан қауесеттерге емес, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, – делінген таратылған хабарламада.

Әңгіме қайдан шықты

Естеріңізге сала кетейік, 7 наурызда РИА Новости басылымы өз дереккөзіне сілтеме жасап, «Укрспецэкспорт» Қазақстанмен Украина Қарулы күштерінің қажеттіліктері үшін ресейлік әскери өнімдерді сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын жазған. Дереккөз Киев келіссөз жүргізіп жатыр делінген қазақстандық төрт компанияны атады.

Жіптің ұшы Астанада тіркелген Navico ЖШС, BSKey company, IGT ЖШС және ИА Сыздықов Т.С. компанияларына тартылған, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары