×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

ЕО елшілері Украинаға әскери көмек ретінде қосымша 5 млрд еуро бөлуге келісті

14.03.2024, 09:09
Ашық дереккөзден

Еуродақтың 27 елінің елшілері 2024 жылы Украинаға әскери көмек ретінде қосымша 5 миллиард еуро бөлуге мүмкіндік беретін еуропалық бейбітшілік қорын реформалауға келісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕО билігі не дейді

"Хабар анық: біз Украинаның жеңісі үшін бар күшімізбен қолдаймыз", — деп жазды еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель.

Қаржыландырудың бюджеттен тыс тетігі саналатын Еуропалық бейбітшілік қорының қаражаты елдер жасаған жарналардан тұрады.

Тарихы

Жалпы елдер Еуропалық бейбітшілік қоры арқылы Украинаға шамамен 6,1 миллиард еуро көмек берген.

1 ақпанда Еуропалық Кеңес басшысы Чарльз Мишель Еуропалық Одақтың барлық 27 елі Украинаға 2024 жылдан 2027 жылға дейін 50 миллиард еуро көлемінде жоспарланған қаржылық көмек бөлуге келісті.

Шешім 2023 жылдың желтоқсанында қабылдануы керек еді, бірақ оған Венгрия келіспей отыр.

Серіктес жаңалықтары