×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Дания әйелдердің әскерге баруын міндеттеуді жоспарлап отыр

14.03.2024, 10:59
Фото: unn.ua

Дания премьер-министрі Метте Фредериксен армиядағы жастар санын арттырып, әйелдерді әскерге шақыруды міндеттеуді қалайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Euronews-тің жазуынша, премьер-министр Метте Фредериксен алдағы бес жылда қорғаныс шығындарын қырық миллиард даниялық кронға арттыруды көздейтін жоспарды таныстыру аясында тиісті мәлімдеме жасады.

Біз толық гендерлік теңдікті ұсынамыз. Данияда бәрі тең деп мақтанғанды ұнатамыз. Бірақ, бүгінде даниялық ер адамдар ғана Қарулы Күштер күніне қатысуға міндетті. Әйелдердің тіркелу мүмкіндігі бар және кейін әскерге шақырылады. Гендерлік теңдік қорғаныс саласын заманауи әрі әртүрлі бағытта дамытатынына күмәніміз жоқ, – деді ол.

Сондай-ақ белгілі болғандай, билік ерлер мен әйелдердің әскердегі қызмет мерзімін төрт айдан он бір айға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, бүгінде әйелдердің әскерге бару-бармауы өз еркінде.

Серіктес жаңалықтары