×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Өтірік ажырасатындар көбейеді»: Үкімет алимент қорын құруға келіспеді

21.03.2024, 14:17
Коллаж: ulysmedia.kz.

Үкімет Бірыңғай мемлекеттік алимент қорын құру идеясын қолдамады. Бұған дейін ол бастаманы депутаттар көтеріп, кабминге сауал жолдаған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірыңғай мемлекеттік алимент қорын құру идеясы Үкіметтің хабарлауынша, біраз уақыттан бері талқыланып келеді. Ұсынылатын бастаманы Үкімет келесі негіздерді есепке алып қолдамайтынын білдірген: 

Мемлекет қазірдің өзінде кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша шаралар қабылдап жатыр. Кәмелетке толмаған балаларға әлеуметтік көмек беріледі.

– Қор құрылса борышкерлердің көбеюіне, алимент алу үшін некені өтірік бұзуды жасанды түрде ұлғайту, жалтару жайттарын көбейтуі ықтимал. Ал қордың алдында борышты өтей алу мәселесі даулы болып қала береді. Оның үстіне ол қорды құру үшін шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай мемлекет бюджетінен қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Қорды арнайы құрылым ретінде құрып, штат бөліп, қаражат бөлу керек болады, – делінген жауапта.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, атқарушылық қызмет шеңберінде кабмин алимент өндіріп алудың қолданыстағы тетіктерін күшейту керек деп санайды.

Серіктес жаңалықтары