Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ШМӨЗ) жоспарлы-алдын алу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ҚМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоспарлы-алдын алу жұмыстары кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау туралы заңды орындап, энергетика министрлігінің жоспар-кестесіне сәйкес жүргізіледі.
- Жұмыс басталған кезде зауытта мұнай өнімдерінің бүкіл желісі бойынша жеткілікті қор жиналған. Ол қор ішкі нарыққа біркелкі жөнелтіледі. Сонымен қатар Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттары отынды штаттық режимде өндіруді жалғастырады, - делінген дүйсенбідегі хабарламада.
Жұмысқа тартылған мердігер ұйымдармен ППР мәселелері бойынша бастапқы кеңес өткізілген.
- Зауыт басшылығы жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау және жұмыс процесін тиімді жоспарлау бойынша міндеттер қойды, - деп толықтырды ҚМГ.