×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Елтаңбаның өзгеру-өзгермеуі екіталай – Әділет министрлігі

29.03.2024, 16:29
Фото: ашық дереккөз

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Елтаңбаның өзгеруіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елтаңбаның өзгеру-өзгермеуі екіталай. Мемлекет басшысы осындай ұсынысты ортаға тастады. Қоғам тарапынан бұл ұсыныс қалай қабылданатыны ескеріледі. Ел азаматтарының басым бөлігі «Елтаңба өзгеруі қажет» деп таныса, талқылаудан кейін барып мемлекеттік органдарда қаралатын мәселе. Сондықтан, дәл қазір Елтаңба өзгереді, оны өзгертуге осынша уақыт кетеді деп айту орынсыз болады, - деді ол.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Елтаңбаға қатысты сыни пікірлер айтылып жатқанын мәлім еткен болатын. 

Ұлттық бірегейлігіміз мемлекеттік рәміздерде айқын көрініс тапқан. Мен былтыр аймақтардың нышанын, яғни символикасын жүйелеп, бірыңғай стандартқа келтіру қажеттігін айттым. Нышандардан сол өңірдің ерекшелігімен қатар, еліміздің болмыс-бітімі де байқалуға тиіс. Қазір осы бағытта нақты жұмыс жасалып жатыр. Бұған мамандар, сарапшылар және белсенді азаматтар атсалысуда. Сонымен қатар олар Мемлекеттік нышандарымызды түгел жаңғырту туралы пікір айтып жатқанын білемін.

Біздің Көк туымызда мін жоқ. Онда еліміздің бірегей болмысы нақты бейнеленген. Әнұранымыз да нағыз ұлттық рухты паш етеді. Қазақтың әнұраны әлемнің әр түкпірінде шырқалып жүр. Жаңа жылды жақындарымыздың ортасында әнұранмен қарсы алу жақсы дәстүрге айналды. Бір сөзбен айтсақ, әнұранымыздың сөзі де, әуені де халықтың жүрегіне әбден орныққан.

Ал Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек.

Ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құруға болады. Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сосын Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады, – дейді Тоқаев құрылтайда.

Серіктес жаңалықтары