×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Атырау облысы аудандарының тұрғындары пойызбен эвакуацияланып жатыр

05.04.2024, 13:46
Фото: ТЖМ

ҚТЖ-ның хабарлауынша, теміржолдың барлық бөлімшелері күшейтілген режімде жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

«ҚТЖ» АҚ Атырау облысының су басқан аймағынан тегін тасымалдау ұйымдастырылғанын хабарлады.

Себептер

Су тасқынына байланысты Құлсары-Доссор жолында көлік қозғалысы тоқтатылды. Азаматтарды шығару үшін арнайы пойыз бағыты ұйымдастырылды, - деп хабарлады ҚТЖ.

Егжей-тегжей

Бүгін таңертең Құлсары станциясынан Атырауға 5 вагоны бар пойыз жолға шықты. Атыраудан Құлсарыға қарама-қарсы бағытта пойыз сағат 19:00-де жолға шығады. Шоқпартоғай және Мақат станцияларында аялдамалар жоспарланған.

Жолаушылар үшін жол жүру тегін болады.

ҚТЖ және су тасқыны

Темір жолдың барлық бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Айналма жолдар жүргізілуде, су жиналатын орындар анықталып, жол төсеніштерінің, көпірлердің, су өткізгіш құбырлардың, дренаждық құдықтардың және т.б. жағдайын қадағалау шаралары күшейтілуде. Пойыз қозғалысына қауіп төндіретін суды ағызу шаралары жүргізіліп жатыр.

Эрозияға қарсы 45 пойыз қажетті құрал-жабдықтармен және материалдармен жабдықталған, - делінген хабарламада.

Қазақстандағы су тасқыны

Биылғы тасқын Қазақстанның бірнеше өңірінде болып, жылдағыдан қарағанда күрделі жағдай туғызды. Әуелі Көкшетаудағы Қылшақты өзені арнасынан асып, 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көпқабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ "Еркөстік"балабақшасының 1-қабатына су жайылған.

25 наурызда Көкшетау қаласындағы № 22 орта мектеп ғимаратын еріген су басып қалды.

Ақтөбедегі Сазды өзені арнасынан асты.

Бас прокуратура Қазақстандағы су тасқынының салдары туралы мәлімдеме жасады. Ең күрделі жағдай Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында байқалатынын хабарлады.

Бектеновтың тапсырмасы 

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бүгін су тасқынына байланысты үкімет мүшелері мен министрлерге бірқатар тапсырма берді. Оның айтуынша, эвакуациялау – бірінші кезекте, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бектенов сол себепті құтқарушылардың жұмысын қиындатпай, оларға қарсылық емес, керісінше, қолдау көрсету керектігін айтады.

Қазақстанның бірнеше өңірінің халқы неше күннен бері су тасқыны азабын көріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқының жағдайына “тұрақты-күрделі” деп баға береді. Батыс аймақтарда су аздап төмендеген, орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендер деңгейінің қарқынды жоғарлауы байқалады. Су басу аймағында 5 облыстар қалуда, әкімдіктермен жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланған.

Серіктес жаңалықтары