×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Тоқаев Каспий теңізінің экожүйесін қорғау туралы заңға қол қойды

01.11.2021, 18:11
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы мәлімет Ақордада жарияланды.

Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік Конвенциясы 2003 жылы  қабылданды

21 қазанда Сенаттың жалпы отырысында «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заңның жобасы қабылданған болатын.

Хаттаманың негізгі бағыттарына:

- ең озық қолжетімді технологияларды және табиғат қорғау практикасын пайдалану немесе пайдалануға ықпал ету, оларға қол жеткізу және оларды теңіз акваториясында немесе оның жағалау аймағында тапсыру кезінде шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде беру;

- Каспий теңізінің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының физикалық, биологиялық және химиялық сипаттамалары туралы, оның ішінде теңіз акваториясына жерүсті көздерінен ластаушы заттардың түсу көлемдері туралы деректер базасын құру және жүргізу;

- Каспийдің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының жай-күйіне, оның жағалау жиегі бойындағы теңіздің ластану деңгейіне тұрақты бағалау жүргізу кірген болатын.

Хаттама бойынша теңіз ортасына әсер етуі мүмкін қызмет түрлерінің тізбесі, сондай-ақ елеулі трансшекаралық әсерді айқындауға ықпал ететін критерийлер тізбесі айқындалған.

Серіктес жаңалықтары