×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Азаматтардың материалдық шығындары өтеледі – Ақорда Құлсарыда зардап шеккендер жайлы

06.04.2024, 08:58
Азаматтардың материалдық шығындары өтеледі – Ақорда Құлсарыда зардап шеккендер жайлы
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шапкеновке телефон соғып, өңірдегі ахуалды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы аймақтағы су тасқынын бақылауда ұстап отыр. Су басу қаупін сейілту үшін барлық шара қабылданып жатыр және бұл жұмыстар одан әрі күшейтіледі. Үкімет су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектеседі, сондай-ақ материалдық шығын өтелетін болады» — делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірде-бір тұрғын мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын айтып, оларға жылы лебізін білдіріп, барынша қолдау көрсетілетінін айтты. 

Естеріңізге салсақ, Атырау облысы Құлсары қаласында кеше сағат 22.45-тегі жағдай бойынша алдын ала ақпаратқа сәйкес, 2500-ге жуық жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимаратын су басқан болатын.